О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 мая 2015 года № 179 «Об утверждении Перечня видов соревнований, учебно-тренировочных сборов и их классификаций»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 мая 2015 года № 179 «Об утверждении Перечня видов соревнований, учебно-тренировочных сборов и их классификаций»
- Атауы (қаз.)
- «Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін және олардың сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 97
- Қабылданған күні
- 19.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 19.06.2025 211502_770430.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25TS000097
- ЭКБ идентификаторы
- 211502
- Редакция идентификаторы
- 211502_770430
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:49
0 «Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін және олардың сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесін және олардың сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11437 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесі және олардың сыныптамасында:
«Спорттық жарыстар» 1-бөлімде:
«Республикалық жарыстар» 2-кіші бөлімде:
2.1.1-тармағы алып тасталсын;
«Өңірлік жарыстар» 3-кіші бөлімде:
3.1.1-тармағы алып тасталсын;
«Қалалық және аудандық жарыстар» 4-кіші бөлімде:
4.1.1-тармағы алып тасталсын;
«Оқу-жаттығу жиындары» 2-бөлімде:
1.1, 1.2 және 1.3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.1 Дүниежүзілік, Еуропалық, Азиялық, Олимпиадалық, Азиялық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық, Жағажай ойындары мен кешенді жарыстарға дайындық бойынша спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалардың оқу-жаттығу жиындары
24 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі. Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган, қатысушылардың максимальді саны дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті органмен, Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органмен белгіленеді.
Өтетін орынды айқындау критерийі климаттық жағдайлар, сондай-ақ спорт объектілері жарыстарды өткізу шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, шет елдердің спорт объектілерінде спортшыларды даярлауды қарау және оқу-жаттығу жиындарын өткізуді сапалы дайындау үшін Әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарына, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия, жағажай ойындарына және кешенді жарыстарғы өтетін жерлерде тікелей.
1.2. Студенттер арасындағы Дүниежүзілік Универсиадаға, әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарына, оның ішінде паралимпиадалық спорт түрлерінен даярлау бойынша спорт түрлері бойынша ұлттық командалардың оқу-жаттығу жиындары
24 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі. Ұйымдастырушы - халықаралық жарыстарға қатысу үшін командаларды бағыттайтын ұйымдар, білім беру саласындағы уәкілетті орган, қатысушылар саны барлық спорт түрлерінен жарысқа қатысуға жіберілетін спортшылардың екі құрамынан артық емес; жекпе-жек түрлерінен спортшылар үш құрамнан артық емес.
Өтетін орынды айқындау критерийі климаттық жағдайлар, сондай-ақ спорт объектілері жарыстарды өткізу шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, шет елдердің спорт объектілерінде спортшыларды даярлауды қарау және оқу-жаттығу жиындарын өткізуді сапалы дайындау үшін студенттер арасында Дүниежүзілік Универсиада мен Әлем, Еуропа, Азия чемпионаты өтетін жерлерде тікелей.
1.3. Халықаралық жарыстарға даярлау бойынша спорт түрлерінен спорт түрлері бойынша ұлттық командалардың арнайы оқу-жаттығу жиындары (жалпы дене даярлығы, техника-тактикалық дайындық, арнайы дене даярлығы, спортшылардың жай-күйін тексеру, қалпына келтіру үшін)
18 күнтізбелік күнге дейін өткізіледі. Ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы орган, қатысушылардың максимальді саны дене шынықтыру және спорт бойынша уәкілетті органмен, облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органмен белгіленеді.
Өтетін орынды айқындау критерийі климаттық жағдайлар, сондай-ақ спорт объектілері жарыстарды өткізу шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, шет елдердің спорт объектілерінде спортшыларды даярлауды қарау.
»;
2.4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«
2.4. Республикалық жарыстарға, турнирлерге, біріншіліктерге даярлау бойынша спорт түрлері бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың командаларының оқу-жаттығу жиындары
Жалпы дене даярлығы, арнайы дене даярлығы және техника-тактикалық дайындығы – 18 күнтізбелік күнге дейін; спортшылардын жай-күйін тексеру үшін – 7 күнтізбелік күнге дейін; қалпына келтіру – 12 күнтізбелік күнге дейін.
Ұйымдастырушы - халықаралық жарыстарға қатысу үшін командаларды бағыттайтын ұйымдар, қатысушылар саны барлық спорт түрлерінен жарысқа қатысуға жіберілетін спортшылардың екі құрамынан артық емес; жекпе-жек түрлерінен спортшылар үш құрамнан артық емес
».
2 2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт істері комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;