О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 октября 2015 года № 18-05/928 «Об утверждении Правил проведения работ по зарыблению водоемов, рыбохозяйственной мелиорации водных объектов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 октября 2015 года № 18-05/928 «Об утверждении Правил проведения работ по зарыблению водоемов, рыбохозяйственной мелиорации водных объектов»
- Атауы (қаз.)
- «Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 154
- Қабылданған күні
- 25.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 25.06.2020 144207_468449.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020904
- ЭКБ идентификаторы
- 144207
- Редакция идентификаторы
- 144207_468449
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:52
0 «Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12267 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Су айдындарына балық жіберу – өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, балықтардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау және (немесе) тауарлы өнім алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелерге балық өсіру материалы мен балықтар жіберу.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Кәсіпорындар немесе жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүргізетін су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты ұйымдастырушыға байланысты аумақтық бөлімше немесе жергілікті атқарушы орган құрған комиссия қабылдайды.
«Комиссияны аумақтық бөлімше құрған жағдайда оның құрамына аумақтық бөлімшенің (комиссияның төрағасы), жергілікті атқарушы органның, балық аулаушылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы және ғылыми ұйымның өкілдері кіреді.
Комиссияны жергілікті атқарушы орган құрған жағдайда оның құрамына жергілікті атқарушы органның (комиссияның төрағасы), аумақтық бөлімшенің, балық аулаушылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы және ғылыми ұйымның өкілдері кіреді.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі»;
көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Су айдындарына балық жіберу орнын келісу актісі
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 25 маусымы
№ 154 бұйрығына
1-қосымша
Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Су айдындарына балық жіберу орнын келісу актісі
Келісілген күн __________________________________________________
1. Су айдынының (учаскенің) атауы:________________________________
____________________________________________________________________
(атауы, орналасқан ауданы және басқа да деректер)
2. Балық ресурстарының өсімін молайтуды жүзеге асыратын кәсіпорынның,
жеке және (немесе) заңды тұлғаның атауы: _______________________________
____________________________________________________________________
3. Жоспарланған балық отырғызу материалы туралы мәліметтер ________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Су айдынындағы нақты балық жіберу орны________________________
____________________________________________________________________
(схемада жіберу нүктесін көрсете отырып, отырғызу орнының (учаскесінің) толық сипаттамасы)
Актіге қол қойғандар:
2 Су айдындарына балық жіберу актісі
бұйрығына
2-қосымша
Су объектілерін балық жіберу, су обьектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Су айдындарына балық жіберу актісі
Осы акт 20 __ жылы «__»_______________ жасалынды
Су айдындарына балық жіберу бойынша жұмыстарды жүргізетін
кәсіпорынның, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, жануарлар дүниесін
пайдаланушылардың, субъектінің атауы _________________________________
____________________________________________________________________
Су айдындарына балық жіберу ____________________________________
____________________________________________________________________
(мемлекеттік тапсырысты орындау, орман, балық және аңшылық шаруашылықтары
жоспарлары бойынша міндеттемелер, зиянды өтеу және басқа да мақсаттар)
Балық отырғызу материалының отырғызу орны (орналасқан облысы және
ауданы көрсетілген су айдынының атауы) ________________________________
____________________________________________________________________
Су айдынына жіберілетін балық отырғызу материалының жас мөлшерлік
және түрлік құрамы __________________________________________________
____________________________________________________________________
Су айдынына жіберілетін балық отырғызу материалының саны және
данасының орташа салмағы ___________________________________________
____________________________________________________________________
Отырғызу материалының жай-күйі _________________________________
____________________________________________________________________
Су айдындарына балық жіберу бойынша жұмыстарды жүргізу бойынша
басқа да мәліметтер (жеткізу маршруты және тәсілі, балық жіберудің басталу
және аяқталу уақыты, судың температурасы, ауаның температурасы, жеткізу
кезіндегі балық отырғызу материалының шығыны) ________________________
Актіге қол қойғандар:
3 Су айдындарына балық жіберудің жиынтық актісі
бұйрығына
3-қосымша
Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Су айдындарына балық жіберудің жиынтық актісі
р/с
№
Балық жіберу уақыты және акт №
Балықтардың түрлері
Жас құрамы және орташа салмақ
Жалпы саны (мың дана)
Жіберу орны (су айдынының aтауы)
дернәсілдер (мың дана)
бір жазғылар (мың дана)
орташа салмақ (грамм)
екіжылдықтар (мың дана)
орташа салмақ (грамм)
1.
2.
Жиыны
Комиссия мүшелерінің қолдары:
4 Су объектілері балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі жұмыстардың аяқталуы туралы акті
бұйрығына
4-қосымша
Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Су объектілері балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі жұмыстардың аяқталуы туралы акті
Су объектілері балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі
жұмыстарды жүргізетін ұйымның атауы _________________________________
____________________________________________________________________
Су объектілері балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі
жұмыстарды жүргізу орны (орналасқан облысы және ауданы көрсетілген су
айдынының атауы ____________________________________________________
Су объектілеріне балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі келесі
жұмыс түрлері жүргізілді:______________________________________________
____________________________________________________________________
Аумақтық бөлімшенің лауазымды адамының қолы:
Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізетін ұйымның лауазымды адамының қолы:
Жергілікті атқарушы орган өкілінің қолы: