Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 октября 2015 года № 18-05/928 «Об утверждении Правил проведения работ по зарыблению водоемов, рыбохозяйственной мелиорации водных объектов»

Бұйрық · № 581 · қабылданған 25.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2015-no-18-05928-ekb-171154/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 октября 2015 года № 18-05/928 «Об утверждении Правил проведения работ по зарыблению водоемов, рыбохозяйственной мелиорации водных объектов» Қолданыста Бұйрық ·№ 581 ·25.08.2022
25.08.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 октября 2015 года № 18-05/928 «Об утверждении Правил проведения работ по зарыблению водоемов, рыбохозяйственной мелиорации водных объектов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 581 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 октября 2015 года № 18-05/928 «Об утверждении Правил проведения работ по зарыблению водоемов, рыбохозяйственной мелиорации водных объектов»
Атауы (қаз.)
«Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
581
Қабылданған күні
25.08.2022
Көрсетілген редакция
25.08.2022 171154_593178.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029377
ЭКБ идентификаторы
171154
Редакция идентификаторы
171154_593178
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:25

0 «Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12267 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бекіре тұқымдас балық түрлерінің өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындайтын өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарын қоспағанда, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде су айдындарына балық жіберу жұмыстарын жүргізу кезінде тиісті облыстың жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) немесе жергілікті атқарушы орган ғылыми ұйыммен, сондай-ақ кәсіпорынмен немесе су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жоспарлап отырған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен бірге бірлесіп, олардың басталуына кемінде күнтізбелік отыз күн уақыт қалғанда алдын ала су айдынына балық жіберу орнын айқындайды.
Балық жіберу орнын соңғы келісу олардың басталуына кемінде екі жұмыс күні қалғанда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада балық жіберу орнын келісу актісімен ресімделеді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік кәсіпорындар немесе жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүргізетін су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты ұйымдастырушыға байланысты аумақтық бөлімше немесе жергілікті атқарушы орган құрған комиссия қабылдайды.
Комиссияны аумақтық бөлімше құрған жағдайда оның құрамына аумақтық бөлімшенің (комиссияның төрағасы), жергілікті атқарушы органның, балық аулаушылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы және ғылыми ұйымның өкілдері кіреді.
Комиссияны жергілікті атқарушы орган құрған жағдайда оның құрамына жергілікті атқарушы органның (комиссияның төрағасы), аумақтық бөлімшенің, балық аулаушылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы және ғылыми ұйымның өкілдері кіреді.
Мемлекеттік кәсіпорындар, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстардың ашықтығы мен айқындығы мақсатында олар басталардан кемінде екі жұмыс күні бұрын мерзімді баспасөз басылымдарында және (немесе) әлеуметтік желілерде хабарландыру жариялау арқылы азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерін шақырады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік кәсіпорындар, жеке және заңды тұлғалар аумақтық бөлімшені және (немесе) жергілікті атқарушы органды су айдындарына балық жіберу жөніндегі алдағы жұмыстар туралы олар басталғанға дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын хабардар етеді.
Аумақтық бөлімше және (немесе) жергілікті атқарушы атқарушы мемлекеттік кәсіпорындардан, жеке және заңды тұлғалардан ақпарат алған күннен бастап комиссия мүшелеріне су айдындарына балық жіберу жөніндегі алдағы жұмыстар туралы хабарлайды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы