Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 14 мая 2015 года № 270 «Об утверждении стандартов государственных услуг в области судебно-экспертной деятельности»

Бұйрық · № 271 · қабылданған 15.03.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2015-no-270/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 14 мая 2015 года № 270 «Об утверждении стандартов государственных услуг в области судебно-экспертной деятельности» Күшін жойған Бұйрық ·№ 271 ·15.03.2017
05.01.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 14 мая 2015 года № 270 «Об утверждении стандартов государственных услуг в области судебно-экспертной деятельности»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 271 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 14 мая 2015 года № 270 «Об утверждении стандартов государственных услуг в области судебно-экспертной деятельности»
Атауы (қаз.)
«Сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 270 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
271
Қабылданған күні
15.03.2017
Көрсетілген редакция
05.01.2018 111271_298923.kaz
Соңғы өзгеріс
05.01.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015013
ЭКБ идентификаторы
111271
Редакция идентификаторы
111271_298923
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:45

0 «Сот-сараптама қызметі саласындағы

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің
стандарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет
министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы
№ 270 бұйрығына өзгеріс пен
толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 270 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 11339 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымдағы № 11339 «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Сот сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Сот сарапшысы біліктілігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі түрін жүргізу құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты бекітілсін.»;
осы бұйрықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес 3, 4-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру депаратменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
__________________ Д. Абаев
2017 жылғы 29 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________ Т. Сулейменов
2017 жылғы 10 сәуір

1 «Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 15 наурыздағы
№ 271 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 14 мамырдағы
№ 270 бұйрығына
3-қосымша
«Сот-медициналық, сот-психиатриялық,
сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік
көрсетілетін қызметінің стандарты

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. «Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлеген.

3 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметтікөрсету нәтижесін беру:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің «Сот медицинасы орталығы» РМҚК-ның (бұдан әрі – Орталық) кеңсесі;

3 3) «электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі

4 4. Мемлекеттік қызметтікөрсетудің мерзімі:

1 1) құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті берушіге, Орталыққа тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

Көрсетілетін қызметті беруші, Орталық көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші, Орталық көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді.

2 2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің жіберілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут;

3 3) қызмет көрсетудің жіберілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут.

5 5. Мемлекеттік қызметтікөрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған), қағаз түрінде.

6 6. Мемлекеттік қызметтікөрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау куәлігі (әрі қарай – куәлік) не осы стандарттың 10-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Куәлік аттестаттаудан өткеннен кейін беріледі.
Мемлекеттік қызметтікөрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы маман куәлігін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда куәлік электронды форматта ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің бастығының/Орталықтың директоры мөрімен және қолымен расталды.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне», аттестаттау комиссиясы төрағасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

7 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8 8. Жұмыс кестесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;

Көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін.

2

2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметтікөрсету нәтижесін ұсыну келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген интернет-қорда орналастырылған, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы/Орталықтың директоры бекітетін тізімге сәйкес, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

9 9. Көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың қызметкері жүгінгенкезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушіге, Орталыққа:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
көрсетілетін қызметті берушінің сот сараптамасы органы аумақтық бөлімшесінің басшысы не болмаса оны ауыстыратын адам қол қойған, кәсіптік даярлығының деңгейін көрсететін сот сарапшысына мінездеме;
соңғы жылдағы сот сарапшысының қорытындыларына рецензиялардың көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысандағы мәліметтер.

2 2) порталға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
көрсетілетін қызметті берушінің сот сараптамасы органы аумақтық бөлімшесінің басшысы не болмаса оны ауыстыратын адам қол қойған, кәсіптік даярлығының деңгейін көрсететін сот сарапшысына мінездеменің электрондық көшірмесі;
соңғы жылдағы сот сарапшысының қорытындыларына рецензиялардың электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысандағы мәліметтер.
сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамдар:

1 1) көрсетілетін қызметті берушіге, Орталыққа:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
соңғы жылдағы сот сарапшысының қорытындыларына рецензиялардың көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысандағы мәліметтер.

2 2) порталға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
соңғы жылдағы сот сарапшысының қорытындыларына рецензиялардың электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысандағы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, оның сот сараптамасын жүргізу құқығына біліктілік куәлігі, лицензиясы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші, Орталық «электрондық үкімет» шлюздері арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың кеңсесі арқылы берген кезде, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (хабарлама) беріледі;
портал арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұратудың қабылданғаны туралы мәртебесіжолданады.

10 10. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негіздері:

1 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің «Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 18) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11

11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ Орталықтың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағымдар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының/Орталықтың директоры атына: 010000, Астана қ., Мәңгілік ел көш., 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс мекенжайы бойынша беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың кеңсесі, сондай-ақ портал арқылы беріледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), пошталық мекенжайын көрсете отырып, қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау, оны қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзімі, лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші, Орталық шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

12 12. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4 4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

13 13. Көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың үй-жайларында мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар (пандустар және лифтілер) көзделген.

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың www.adilet.gov.kz ресми интернет-қорында орналастырылған.

15 15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда алады.

16 16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтағы қолжетімділік режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

17 17. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

1-1 «Сот-медициналық, сот-психиатриялық,

сот-наркологиялық сарапшыларды
аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
20___жылғы « ____ » _________________
____________________ қаласы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (не болмаса оны ауыстыратын адамның)
20__ жылғы «__»_______№ ____ бұйрығы негізінде әрекет ететін комиссиясы құрамында:
Төраға ___________________________________________
Комиссия мүшелері _________________________________________
_________________________________________
_________________________________________
Хатшы _________________________________________
___________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған жағдайда),
сот сарапшысының лауазымы және жұмыс орны)
ісін қарастырып,
Былай деп шешті:_______________________
(аттестаттаудың нәтижесі)
______________________________________
(Комиссия төрағасыныңқолы немесе ЭЦҚ)

1-2 «Сот-медициналық, сот-психиатриялық,

сот-наркологиялық сарапшыларды
аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
Сот сарапшылары аттестациясын,
оның ішінде кезектен тыс
аттестаттауды өткізу жөніндегі
комиссия төрағасының
орынбасарына
Сізден, мені сот сарапшыларын аттестаттаудан, оның ішінде кезектен тыс аттестаттаудан өтуге жіберуіңізді сұраймын.
Сонымен қатар, аттестаттаудан өту үшінкелесі құжаттарды жолдаймын:
1.____________________________________
2.____________________________________
3.____________________________________
Ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалған құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін:
_______________________________________________________________
қолы (Т, А, Ә (болған жағдайда)

1-3 «Сот-медициналық, сот-психиатриялық,

сот-наркологиялық сарапшыларды
аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
Өтінім бойынша деректер
1. Өтініш нөмірі ______________
2. Қалыптастыру күні ______________
Негізгі мәліметтер
3. Ғылыми дәрежесі, атағы ______________
4. Ғылыми еңбектері мен жаңалықтары ______________
5. Соңғы бес жылда жүргізілген сараптамаларының саны _____
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер
6. ЖСН ______________
7. Тегі______________
8. Аты______________
9. Әкесінің аты (ол болған жағдайда) ______________
10. Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі ______________
11. Нөмірі ______________
12. Сериясы ______________
13. Берілген күні ______________
14. Аяқталу күні ______________
15. Берген орган ______________
Жоғары кәсіптік білімі туралы дипломы
16. Білімі ______________
17. Дипломның нөмірі
18. Дипломның сериясы
19. Үміткердің оқыған елі ______________
20. Түскен жылы ______________
21. Бітірген жылы ______________
22. Диплом бойынша мамандығы ______________
23. Диплом бойынша біліктілігі ______________
24. Дипломның нострификациясы (қажет болған жағдайда) ______________
Соңғы бес жылда біліктілік даярлығын (біліктілік арттыру) өткендігі туралы мәлеметтер
25. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) өту орны_____________
26. Мамандығы_____________
27. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) басталу күні
_____________
28. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) аяқталған күні
_____________
29. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) өткен уақытта зерделеген материалдар
_____________
30. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы
_____________
31. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) өткендігі туралы есеп
_____________
Қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтер
32. Сот сараптама қызметін жүзеге асырудың өз тәсіліңізді таңдаңыз
-көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың қызметкері
Біліктілік куәлігі (оған қосымшасымен бірге) номері
Рұқсат беру құжатының мерзімі
Мамандығы
-сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адам
Біліктілік куәлігі (оған қосымшасымен бірге) номері
Рұқсат беру құжатының мерзімі
Мамандығы
Лицензия нөмірі
Лицензияны берген күні
Қазіргі уақыттағы жұмыс орны туралы мәліметтер:
33. Мәлімделген мамандық бойынша еңбек өтілі (жылы, айы, күні) _____________
34. Жалпы еңбек өтілі (жылы, айы, күні) _____________
35. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны _____________
36. Атқаратын лауазымы _____________
37. Осы лауазымға тағайындалған күні _____________
Мәлімделген мамандық бойынша еңбек өтілі
Жұмысқа қабылданған күні
Жұмыстан босатылған күн
Жұмыс орны
Атқаратын қызметі
Жұмысы туралы мәліметтер
Бұйрықтың №
Бұйрықтың шығарылған күні
Тәртіптік, әкімшілік жазалар, көтермелеу туралы мәліметтер (соңғы алты айда)
38. Тәртіптік жазалардың болуы туралы мәліметтер (қажеттісінің астын сызу)
1) Ескерту
2) Сөгіс
3) Қатаң сөгіс
4) Еңбек шартын бұзу
39. Көтермелеу _____________
Мекенжайы
40. Пошталық индексі ______________
41. Ел, облысы, ауданы, елді мекені ______________
42. Көшенің аты ______________
43. Үйдің, ғимараттың нөмірі ______________
44. Пәтердің, кеңсенің нөмірі ______________
45. Телефондардың нөмірі ______________

2 «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі түрін жүргізу құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 15 наурыздағы
№ 271 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 14 мамырдағы
№ 270 бұйрығына
4-қосымша
«Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі түрін жүргізу құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі түрін жүргізу құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлеген.

3 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметтікөрсету нәтижесін беру:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің «Сот медицинасы орталығы» РМҚК-ның (бұдан әрі – Орталық) кеңсесі;

3 3) «электронды үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметтік көрсетудің тәртібі

4 4. Мемлекеттік қызметтікөрсетудің мерзімі:

1 1) құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті берушіге, Орталыққа тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

Көрсетілетін қызметті беруші, Орталық көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші, Орталық көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді.

2 2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут;

3 3) қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут.

5 5. Мемлекеттік қызметтікөрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған), қағаз түрінде.

6 6. Мемлекеттік қызметтікөрсету нәтижесі:

1

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі (бұдан әрі – куәлік) не осы стандарттың 10-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Куәлік біліктілік емтиханынан оң нәтижемен өткен жағдайда беріледі.

2

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігіне қосымша (бұдан әрі – куәлікке қосымша) не осы стандарттың 10-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Куәлікке қосымша, куәлігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға біліктілік емтиханын оң нәтижемен тапсырған жағдайда беріледі.
Мемлекеттік қызметтікөрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы маман куәлігін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда куәлік электронды форматта ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің бастығының/Орталықтың директоры мөрімен және қолымен расталды.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетінқызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» біліктілік комиссиясы төрағасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

7 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8 8. Жұмыс кестесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;

Көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметтікөрсету нәтижесін ұсыну кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін.

2

2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметтікөрсету нәтижесін ұсыну келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген интернет-қорда орналастырылған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бекітетін/Орталықтың директоры бекітетін кестеге сәйкес, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

9 9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінгенкезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушіге, Орталыққа:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысандағы мәліметтер.

2 2) порталға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысандағы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші, Орталық «электрондық үкімет» шлюздері арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың кеңсесі арқылы берген кезде, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (хабарлама) беріледі.
портал арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұратудың қабылданғаны туралы мәртебесі жолданады.

10 10. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негіздері:

4 4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

5 5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің «Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 15) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

6 6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11

11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ Орталықтың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағымдар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының/Орталықтың директоры атына немесе: 010000, Астана қ., Мәңгілік ел көш., 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс мекенжайы бойынша беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың кеңсесі, сондай-ақ портал арқылы беріледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), пошталық мекенжайын көрсете отырып, қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау, оны қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзімі, лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші, Орталық шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

12 12. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4 4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

13 13. Көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың үй-жайларында мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар (пандустар және лифтілер) көзделген.

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың www.adilet.gov.kz ресми интернет-қорында орналастырылған.

15 15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда алады.

16 16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтағы қолжетімділік режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

17 17. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

2-1 «Сот-медициналық, сот-психиатриялық

және сот-наркологиялық
сараптамалардың белгілі
түрін жүргізу құқығына біліктілік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
Нысан
Осы куәлік ____________________________________________ берілді
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
өйткені, оған комиссияның 20_ жылғы «__» ________ шешімімен
1. _______________________________________
2. _______________________________________
мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысыбіліктілігі берілді.
_____________________________________________________________
(комиссиятөрағасыныңқолынемесе ЭЦҚ)

2-2 «Сот-медициналық, сот-психиатриялық

және сот-наркологиялық
сараптамалардың белгілі
түрін жүргізу құқығына біліктілік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
Нысан
Осы куәлік ____________________________________________ берілді,
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
өйткені, оған комиссиясының 20_ жылғы «__» ________ шешімімен
1. _______________________________________
2. _______________________________________
мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысыбіліктілігі берілді.
_____________________________________________________________
(комиссиятөрағасыныңқолынемесе ЭЦҚ)

2-3 «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі түрін жүргізу құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Сот сарапшысы біліктілігін
беруүшін біліктілік
емтихандарынқабылдау
комиссиясы төрағасының
орынбасарына
Сізден, мені келесі ____________________________________________
мамандықтар бойынша емтихан тапсыруға жіберуіңізді сұраймын:
Қоса берілген құжаттардың тізімі:
1.
2.
3.
Ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалған құпиялардағымәліметтерді қолдануға келісемін:
________________________________________________
Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қызмет алушының қолы
Өтініш берген күні

2-4 Мәліметтер нысаны

«Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі түрін жүргізу құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша
Мәліметтер нысаны
Өтінім бойынша деректер
1. Өтініш нөмірі ______________
2. Қалыптастыру күні ______________
Негізгі мәліметтер
3. Ғылыми дәрежесі, атағы ______________
4. Ғылыми еңбектері мен жаңалықтары ______________
5. Соңғы бес жылда жүргізілген сараптамаларының саны _____
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер
6. ЖСН ______________
7. Тегі ______________
8. Аты ______________
9. Әкесінің аты (ол болған жағдайда) ______________
10. Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі ______________
11. Нөмірі ______________
12. Сериясы ______________
13. Берілген күні ______________
14. Аяқталу күні ______________
15. Берген орган ______________
Жоғары кәсіптік білімі туралы дипломы
16. Білімі ______________
17. Дипломның нөмірі
18. Дипломның сериясы
19. Үміткердің оқыған елі ______________
20. Түскен жылы ______________
21. Бітірген жылы ______________
22. Диплом бойынша мамандығы ______________
23. Диплом бойынша біліктілігі ______________
24. Дипломның нострификациясы (қажет болған жағдайда) ______________
Мәлімделген мамандық бойынша интернатура немесе резидентура, не қайта даярлау өткендігі туралы мәліметтер (сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтарының сот сарапшылары үшін)
25. Нөмірі _______________
26. Мамандығы _______________
27. Цикл атауы _______________
28. Оқытқан ұйымның атауы _______________
29. Оқудың басталуы _______________
30. Оқудың аяқталуы _______________
31. Оқудың сағат бойынша көлемі _______________
32. Берілген күні
Соңғы бес жылда біліктілік даярлығын (біліктілік арттыру) өткендігі туралы мәлеметтер
33. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) өту орны _____________
34. Мамандығы _____________
35. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) басталу күні _____________
36. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) аяқталған күні _____________
37. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) өткен уақытта зерделеген материалдар
_____________
38. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы _____________
39. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) өткендігі туралы есеп _____________

Қолданыстағы