Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 14 апреля 2015 года № 281 «Об утверждении стандартов государственных услуг в области электроэнергетики»

Бұйрық · № 5 · қабылданған 05.01.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2015-no-281-ekb-118785/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 14 апреля 2015 года № 281 «Об утверждении стандартов государственных услуг в области электроэнергетики» Күшін жойған Бұйрық ·№ 5 ·05.01.2018
12.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 14 апреля 2015 года № 281 «Об утверждении стандартов государственных услуг в области электроэнергетики»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 5 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 14 апреля 2015 года № 281 «Об утверждении стандартов государственных услуг в области электроэнергетики»
Атауы (қаз.)
«Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5
Қабылданған күні
05.01.2018
Көрсетілген редакция
12.05.2020 118785_460158.kaz
Соңғы өзгеріс
12.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016349
ЭКБ идентификаторы
118785
Редакция идентификаторы
118785_460158
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:10

0 «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1.«Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11130 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 - тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одантөмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және оданжоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары
кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
тақырыбымынадай редакцияда жазылсын:
«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).»;
3 - тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МегаВатт (бұдан әрі - МВт) астам, сондай-ақ өз теңгерімінде 110 килоВольт (бұдан әрі - кВ) және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспорттарын (бұдан әрі - әзірлік паспорты) Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) береді;
2) барлық қуаттардың және жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жылыту қазандықтарына күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттарын Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) береді;»;
5, 6, 7-тармақтармынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру, энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын ескертулермен беру, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.»;
9 - тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) көрсетілетін қызметті берушілерге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алуға өтініші;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік актісі (бұдан әрі - әзірлік актісі);
әзірлік актісіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;
станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйі, сондай-ақ тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың әзірлігі туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.
Жіберілетін құжаттар нөмірленеді, тігіледі;
2) порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алуға өтініші;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлік актінің электрондық көшірмесі;
әзірлік актісіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алуға арналған шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;
станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.
Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген барлық құжаттарды көрсетілетін қызмет берушілерге қолма-қол берген кезде - қағаз жеткізгіште өтінішті қабылдаудың растамасы оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады.»;
11-тармақтың алтыншы бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағымда заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.»;
14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) көрсетілетін қызметті берушінің kaenk.energo.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.»;
Көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына1-қосымша»;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алуға өтініші»;
көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша»;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу шарттары».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5 5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
____________ Д. Абаев
2018 жылғы 15 қаңтар
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
____________ Т.Сүлейменов
2018 жылғы 29 қаңтар

1 Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа _____ жж. әзірлік актісі

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
2018 жылғы 5 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына
қосымша
«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа _____ жж. әзірлік актісі
__________________________________ ___________________________
Акт жасалған жер (күні)
____________________________________
(ұйым атауы)
_______ №____ бұйрығымен тағайындалған комиссия
____________________________________________________________________
энергия өндіруші және энергия беруші
____________________________________________________________________
ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқаәзірлік паспортын алу үшін
____________________________________________________________________
шарттардың орындалғаны-орындалмағаны көрсетіледі
Қорытынды:_________________________________________________________
(ұйым күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайын - дайын емес)
Комиссия төрағасы:
_________________
_________________
_________________
(лауазымы)
__________________
(басшының қолы және ұйымның мөрі)
_________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Комиссия төрағасының орынбасары:
_________________
_________________
_________________
(лауазымы)
__________________
(басшының қолы және ұйымның мөрі)
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Комиссия мүшелері:
_________________
_________________
_________________
(лауазымы)
__________________
(қолы және мемлекеттік органның мөрі)
_________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)
_________________
_________________
_________________
(лауазымы)
__________________
(қолы)
_________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)
_________________
_________________
_________________
(лауазымы)
__________________
(қолы)
_________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Қолданыстағы