Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата от 14 августа 2015 года № 350 «Об утверждении регламентов государственных услуг»

Қаулы · № 515 · қабылданған 14.11.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2015-no-350-ekb-108084/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата от 14 августа 2015 года № 350 «Об утверждении регламентов государственных услуг» Күшін жойған Қаулы ·№ 515 ·14.11.2016
13.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата от 14 августа 2015 года № 350 «Об утверждении регламентов государственных услуг»

Күшін жойған Қаулы ·№ 515 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата от 14 августа 2015 года № 350 «Об утверждении регламентов государственных услуг»
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 350 «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
515
Қабылданған күні
14.11.2016
Көрсетілген редакция
13.01.2020 108084_440271.kaz
Соңғы өзгеріс
13.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16N0006730
ЭКБ идентификаторы
108084
Редакция идентификаторы
108084_440271
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:17

0 Әкімдіктің 2015 жылғы 14 тамыздағы

№ 350 «Мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 350 «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 5887 болып тiркелген, 2015 жылғы 10 қазанда «Қостанай таңы» газетiнде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағының 4) тармақшасы алынып тасталсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу», «Жер қойнауын пайдалануға барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасау, тіркеу және сақтау», «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау», мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерінде:
4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.»;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру», «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру», мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерінде:
4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы