О внесении изменений в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 14 июля 2015 года № 36/7 «Об утверждении Правил содержания животных на территории Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 14 июля 2015 года № 36/7 «Об утверждении Правил содержания животных на территории Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жануарларды ұстау Қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі № 36/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 9/4
- Қабылданған күні
- 15.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2023 190371_674600.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23S0765615
- ЭКБ идентификаторы
- 190371
- Редакция идентификаторы
- 190371_674600
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:50
0 «Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жануарларды ұстау Қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының
2015 жылғы 14 шілдедегі № 36/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жануарларды ұстау Қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі № 36/7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3346 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жануарларды ұстау Қағидаларының 3-тармағының 2) және 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
2 «2) жануарлар – омыртқалы жануарлар;
3 3) қараусыз қалған жануарлар – ұстау орнынан тыс жерде және жануардың иесі және (немесе) жауапты адам тарапынан бақылаусыз қалған жануарлар.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
6
«6. «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес жануарлардың иелері (жеке және заңды тұлғалар) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені;
жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы уақтылы хабарлайды және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолданады.».