О внесении изменений в совместное постановление акимата Шортандинского района от 14 мая 2015 года № А-4/116 и решение Шортандинского районного маслихата от 14 мая 2015 года № С-39/5 «Об установлении границ (черты) села Бозайгыр и станции Тонкерис сельского округа Бозайгыр Шортандинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместное постановление акимата Шортандинского района от 14 мая 2015 года № А-4/116 и решение Шортандинского районного маслихата от 14 мая 2015 года № С-39/5 «Об установлении границ (черты) села Бозайгыр и станции Тонкерис сельского округа Бозайгыр Шортандинского района»
- Атауы (қаз.)
- «Шортанды ауданы Бозайғыр ауылдық округінің Бозайғыр ауылы мен Төңкеріс бекетінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен Шортанды ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № А-4/116 қаулысы мен Шортанды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 мамырдағы № С-39/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-2/36
- Қабылданған күні
- 27.02.2019
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2019 129405_391270.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19BR007087
- ЭКБ идентификаторы
- 129405
- Редакция идентификаторы
- 129405_391270
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:58
0 «Шортанды ауданы Бозайғыр ауылдық округінің Бозайғыр ауылы мен Төңкеріс бекетінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен Шортанды ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № А-4/116 қаулысы мен Шортанды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 мамырдағы № С-39/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Шортанды ауданы Бозайғыр ауылдық округінің Бозайғыр ауылы мен Төңкеріс бекетінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен Шортанды ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № А-4/116 қаулысы мен Шортанды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 мамырдағы № С-39/5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4833 тіркелген, 2015 жылғы 27 маусымда «Вести», «Өрлеу» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 1 қосымшасында ««Жасыл Аймақ» РМК» сөздері ««Жасыл Аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны» сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 2 қосымшасы осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Шортанды ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер-есебі құжаттарына қажетті өзгерістер енгізсін.
3 3. Осы бірлескен қаулы мен шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Шортанды ауданы Бозайғыр ауылдық округінің Төңкеріс бекеті жерлерінің экспликациясы
Шортанды ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 27 ақпандағы
№ А-2/36 бірлескен қаулысы мен
Шортанды аудандық маслихатының
2019 жылғы 27 ақпандағы № С-38/2
шешіміне қосымша
Шортанды ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 14 мамырдағы № А-4/116
бірлескен қаулысы мен
Шортанды аудандық маслихатының
2015 жылғы 14 мамырдағы № С-39/5
шешіміне 2 қосымша
Шортанды ауданы Бозайғыр ауылдық округінің Төңкеріс бекеті жерлерінің экспликациясы
гектар
Елді мекеннің атауы
Жоспар шекараларындағы жерлер, барлығы
Соның ішінде
Бекітілетін алаң
Соның ішінде
Бөгде адамдардың пайдалануындағы жерлер
Егістік
Жайылымдар
Құрылыс астында
Табиғи
Түбегейлі жақсартылған
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
«Жасыл Аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
Төңкеріс бекеті
1114,3
1054,2
15,0
906,1
2,2
130,9
40,6
19,5