О внесении изменения в совместное постановление акимата Абайского района от 14 декабря 2015 года № 42/05 и решение Абайского районного маслихата от 14 декабря 2015 года № 49/535 «Об установлении границы (черты) поселка Топар Абайского района Карагандинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в совместное постановление акимата Абайского района от 14 декабря 2015 года № 42/05 и решение Абайского районного маслихата от 14 декабря 2015 года № 49/535 «Об установлении границы (черты) поселка Топар Абайского района Карагандинской области»
- Атауы (қаз.)
- «Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінің (шегін) шекарасын белгілеу туралы» бірлескен Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 42/05 қаулысы мен Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 49/535 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5/45
- Қабылданған күні
- 19.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2016 103189_88606.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16KI003839
- ЭКБ идентификаторы
- 103189
- Редакция идентификаторы
- 103189_88606
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:05
0 «Қарағанды облысы Абай ауданы
Топар кентінің (шегін) шекарасын
белгілеу туралы» бірлескен Абай
ауданы әкімдігінің 2015 жылғы
14 желтоқсандағы № 42/05
қаулысы мен Абай аудандық
мәслихатының 2015 жылғы
14 желтоқсандағы № 49/535
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінің (шегін) шекарасын белгілеу туралы» Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 42/05 қаулысы мен Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14
желтоқсандағы № 49/535 бірлескен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 14 қаңтарда № 3616
болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қаңтардағы № 3 (4106) «Абай-Ақиқат» аудандық газетінде, 2016 жылғы 25 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімге қосымша осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда мазмұндалсын.
2. «Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер–есепке алу құжаттарына қажетті өзгерістер енгізілсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Абай ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 19 мамырдағы
№ 19/01 қаулысы мен
Абай аудандық маслихатының
2016 жылғы 19 мамырдағы
5 кезектен тыс сессиясының
№ 5/45 бірлескен шешіміне
қосымша
Абай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 42/05 қаулысы мен
Абай аудандық маслихатының
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
49 кезектен тыс сессиясының
№ 49/535 бірлескен шешіміне
қосымша
Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінің
жер түсініктемесі
№
Жерлер
Алаңы, га
1
Өнеркәсіп жерлері
6111,9
2
Бақшалық және саяжай құрылысы жерлері
168,0
3
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
168,0
4
Топар су қоймасы демалыс аймақтар жерлері
68,0
5
Аумақтағы тұрғылықты жерлер
354,0
6
Ауыл шаруашылығын пайдалану жерлері
1842,23
Барлық жерлер
8712,13