О внесении изменений в решение акима Каракиянского района от 14 августа 2015 года № 61 «Об образовании избирательных участков»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Каракиянского района от 14 августа 2015 года № 61 «Об образовании избирательных участков»
- Атауы (қаз.)
- Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 9
- Қабылданған күні
- 02.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 02.11.2020 148131_489307.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20MD004340
- ЭКБ идентификаторы
- 148131
- Редакция идентификаторы
- 148131_489307
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:58
0 Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қарақия ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1
1. Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2813 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 қыркүйектегі «Қарақия» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
қосымшада:
№ 148 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 148 сайлау учаскесі
Орталығы: Қарақия теміржол станциясы, Қарақия аудандық білім бөлімінің «Құрық ауылының № 11 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, В блогы, телефон/факс: 8/72937/ 7-15-40.
Шекарасы: Қарақия теміржол станциясының, Маңғыстау шағын ауданының барлық үйлері.»;
№ 151 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 151 сайлау учаскесі
Орталығы: Жетібай ауылы, Қарақия аудандық білім бөлімінің «Жетібай ауылының № 3 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-2-30.
Шекарасы: Жетібай ауылының Геофизика, Ш.Ыбырайымұлы, Аэропорт, 2-ауыл шағын аудандарының барлық үйлері.»;
№ 152 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 152 сайлау учаскесі
Орталығы: Жетібай ауылы, Қарақия аудандық білім бөлімінің «Жетібай ауылының № 4 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты,
телефон/факс: 8/72937/ 26-1-41.
Шекарасы: Жетібай ауылының Астана, Күржіманұлы, Мұнайшы-2 шағын аудандарының барлық үйлері.»;
№ 153 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 153 сайлау учаскесі
Орталығы: Жетібай ауылы, Қарақия ауданы әкімдігінің «Өскенбай Қалманбетұлы атындағы Жетібай балалар өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-5-51.
Шекарасы: Жетібай ауылының Мұнайшы-1, Т.Аубәкіров, М.Өскінбаев, Ұлутас, Төлендиев шағын аудандарының барлық үйлері.»;
№ 155 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 155 сайлау учаскесі
Орталығы: Жетібай ауылы, Қарақия аудандық білім бөлімінің «Жетібай ауылының № 8 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-1-90.
Шекарасы: Жетібай ауылының Ж.Мыңбаев, Ө.Қалманбетұлы, Т.Әлиев, С.Жанғабылұлы шағын аудандарының барлық үйлері.»;
№ 157 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 157 сайлау учаскесі
Орталығы: Сенек ауылының Аққұдық елді мекені, Қарақия аудандық білім бөлімінің «Аққұдық негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 41-010.
Шекарасы: Сенек ауылының Аққұдық елді мекенінің барлық үйлері.».