Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение акима Каракиянского района от 14 августа 2015 года № 61 «Об образовании избирательных участков»

Өзге акт · № 3 · қабылданған 12.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2015-no-61-ekb-193324/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений в решение акима Каракиянского района от 14 августа 2015 года № 61 «Об образовании избирательных участков» Қолданыста Өзге акт ·№ 3 ·12.02.2024
12.02.2024 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение акима Каракиянского района от 14 августа 2015 года № 61 «Об образовании избирательных участков»

Қолданыста Өзге акт ·№ 3 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение акима Каракиянского района от 14 августа 2015 года № 61 «Об образовании избирательных участков»
Атауы (қаз.)
Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3
Қабылданған күні
12.02.2024
Көрсетілген редакция
12.02.2024 193324_683999.kaz
Соңғы өзгеріс
12.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24MD467012
ЭКБ идентификаторы
193324
Редакция идентификаторы
193324_683999
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:14

0 Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қарақия ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. «Сайлау учаскелерін құру туралы» Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2813 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімге қосымшада:
қазақ тіліндегі № 146 сайлау учаскеcі жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«146 сайлау учаскеcі
Орталығы: Құрық ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 2-22-45.
Шекарасы: Құрық ауылының 2 шағын ауданының № 49-55, 100-101, 229-232 үйлері, 3 «А», 4, 5, 9, 14 шағын аудандарының барлық үйлері, Карьер, Барлаушылар Массиві көшелерінің барлық үйлері.»;
орыс тіліндегі № 147 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
қазақ тіліндегі № 151 және № 152 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«№ 151 сайлау учаскесі
Орталығы: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 3 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-7-51.
Шекарасы: Жетібай ауылының, Жаңақұрылыс шағын ауданының № 1-36 үйлері, Геофизика, Ш.Ыбырайымұлы, 2-ауыл шағын аудандарының барлық үйлері, Аэропорт шағын ауданының № 1-199 үйлері.
№ 152 сайлау учаскесі
Орталығы: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 4 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-1-41.
Шекарасы: Жетібай ауылының, Астана, Күржіманұлы, Мұнайшы-2 шағын аудандарының барлық үйлері, Аэропорт шағын ауданының № 200-368 үйлері.»;
№ 153 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 153 сайлау учаскесі
Орталығы: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Өскенбай Қалманбетұлы атындағы Жетібай балалар өнер мектебі» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-5-61.
Шекарасы: Жетібай ауылының, Мұнайшы-1, М.Өскінбаев, Төлендиев шағын аудандарының барлық үйлері, Т.Аубәкіров шағын ауданының № 92-257 үйлері.»;
қазақ тіліндегі № 154 және № 155 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«№ 154 сайлау учаскесі
Орталығы: Жетібай ауылы, Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жетібай ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-1-30.
Шекарасы: Жетібай ауылының, Жанақұрылыс шағын ауданының № 37-186, 217-255 үйлері, Ұлутас шағын ауданының барлық үйлері.
№ 155 сайлау учаскесі
Орталығы: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 8 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-1-90.
Шекарасы: Жетібай ауылының, Ж.Мыңбаев, Ө.Қалманбетұлы, Т.Әлиев, С.Жанғабылұлы шағын аудандарының барлық үйлері, Жаңақұрылыс шағын ауданының № 187-216 үйлері, Т.Аубәкіров шағын ауданының № 1-91 үйлері, Шұқырой, Шынжыр, Асар, Қонай-қора шаруа қожалықтары.»;
№ 162 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 162 сайлау учаскесі
Орталығы: Құрық ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Жалпы білім беретін мектеп гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, В блогы, телефон/факс: 8/72937/ 2-22-88.
Шекарасы: Құрық ауылының 3, 10, 13 шағын аудандарының барлық үйлері, Сәтпаев көшесінің № 13-29, 29-2, 31, 31-2, 33, 33-2, 35, 37, 39, 41, 43 үйлері, М.Маметова көшесінің № 15-43-а үйлері, С.Әлиев көшесінің № 16-44 үйлері, Ш.Уалиханов көшесінің № 15-28 үйлері, Жангельдин көшесінің № 11, 13, 15-28 үйлері.».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қарақия аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы

Қолданыстағы