Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 14 августа 2015 года №245 «Об утверждении регламента государственной услуги «Принятие Республикой Казахстан прав на имущество негосударственных юридических лиц и физических лиц по договору дарения в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан»

Қаулы · № 172 · қабылданған 29.06.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2015-no245/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 14 августа 2015 года №245 «Об утверждении регламента государственной услуги «Принятие Республикой Казахстан прав на имущество негосударственных юридических лиц и физических лиц по договору дарения в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан» Күшін жойған Қаулы ·№ 172 ·29.06.2017
25.05.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 14 августа 2015 года №245 «Об утверждении регламента государственной услуги «Принятие Республикой Казахстан прав на имущество негосударственных юридических лиц и физических лиц по договору дарения в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан»

Күшін жойған Қаулы ·№ 172 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 14 августа 2015 года №245 «Об утверждении регламента государственной услуги «Принятие Республикой Казахстан прав на имущество негосударственных юридических лиц и физических лиц по договору дарения в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы №245 «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
172
Қабылданған күні
29.06.2017
Көрсетілген редакция
25.05.2018 113620_330578.kaz
Соңғы өзгеріс
25.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17U0004166
ЭКБ идентификаторы
113620
Редакция идентификаторы
113620_330578
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:39

0 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы 14 тамыздағы №245
«Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындайтын тәртіппен сыйға тарту
шарты бойынша мемлекеттік емес
заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың
мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының
қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентін бекіту туралы» қаулысына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі №484 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №285 «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14326 тіркелген бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы №245 «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3330 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қыркүйекте «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;
«2. «Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау» бөлімі:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме мыналар:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.»;
регламенттің қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуін;

2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Д.А.Сатыбалдыға жүктелсін.

Д.А.Сатыбалды
Ә.Е.Тұрғымбеков
Ж.К.Бөкенбаев
Б.С.Жамалов
Е.Ә.Садыр
Ұ.Сәдібеков
А.С.Сәбитов
К.Н.Мендебаев

7 Оңтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің 2017 жылғы
29 маусымдағы №172
қаулысына қосымша
«Мемлекеттік емес заңды
тұлғалардың және жеке
тұлғалардың мүлікке құқығын
сыйға беру шарты бойынша
Қазақстан Республикасы
Үкіметі белгілеген тәртіппен
Қазақстан Республикасының
қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
1
2
3
4
5
6
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­рі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­лы­ғы
Мемлекеттік органдар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті қыз­мет­ке­рі
Әкім­дік, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­лы­ғы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­лы­ғы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту негіздемелері
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші құ­жат­тар­ды тек­се­ре­ді және қа­был­дай­ды
(30 ми­нут)
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ды сый­ға тар­ту шар­ты бой­ын­ша мем­ле­кет­ке мү­лік құқық­та­рын бе­ру жө­нін­де­гі бар ұсы­ныс ту­ра­лы ха­бар­дар ете­ді (же­ті күн)
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар сый­ға тар­ту шар­ты бой­ын­ша мем­ле­кет­тің мү­лік құқық­та­ры­на ие бо­луы­ның қа­жет­ті­гі (қа­же­ті­нің жоқ­тығы) ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­лар дай­ын­дай­ды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жол­дай­ды (отыз күн­тіз­бе­лік күн)
Мү­лік­ті мем­ле­кет­тік мен­шік­ке қа­был­да­удың эко­но­ми­ка­лық орын­ды­лы­ғы;
мү­лік­ті мем­ле­кет­тік мен­шік­ке қа­был­да­ған­нан кей­ін­гі мақ­са­ты мен пай­да­ла­ны­луы;
бе­рі­ле­тін мү­лік­тің қар­жы­лық қам­та­ма­сыз еті­луі;
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші об­лы­стың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның қа­у­лы жо­ба­сын әзір­лей­ді (отыз күн­тіз­бе­лік күн)
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші сый­ға тар­ту шар­ты бой­ын­ша мү­лік­ті мем­ле­кет­тік мен­шік­ке қа­был­дау ту­ра­лы ти­іс­ті
қа­у­лы қа­был­дай­ды, сый­ға тар­ту шар­тын әзір­лей­ді (жиыр­ма күн­тіз­бе­лік күн)
Мү­лік­ті қа­был­да­у­шы мем­ле­кет­тік ор­ган мү­лік­ті қа­был­дау-бе­ру ак­ті­сін жа­сай­ды (он бес жұ­мыс күн)
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі;
көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі

Қолданыстағы