О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 14 августа 2015 года №250 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача заключений государственной экологической экспертизы для объектов ІІ, ІІІ и ІV категории»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 14 августа 2015 года №250 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача заключений государственной экологической экспертизы для объектов ІІ, ІІІ и ІV категории»
- Атауы (қаз.)
- Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы №250 «ІІ, ІІІ және ІV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 83
- Қабылданған күні
- 26.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2019 103625_694657.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16T0003529
- ЭКБ идентификаторы
- 103625
- Редакция идентификаторы
- 103625_694657
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:24
0 Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы
14 тамыздағы № 250 «ІІ, ІІІ және
ІV санаттағы объектілерге мемлекеттік
экологиялық сараптама қорытындысын
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентін бекіту туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Атырау облысы әкiмдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы №250 «ІІ, ІІІ және ІV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3293 болып тіркелген, 2015 жылы 1 қазанда «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
қосымшасында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «ІІ, ІІІ және ІV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
1-тармақтың төртінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«2) «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)»;
4-тармақта «(бұдан әрі – Стандарт)» деген сөздерден кейін «(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11229 болып тіркелген)» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацында орыс тіліндегі мәтінде «работник» сөзі «работника» деген сөзбен өзгертілсін;
барлық мәтін бойынша «ХҚКО», «ХҚКО-ның» деген сөздер «Мемлекеттік корпорация», «Мемлекеттік корпорацияға», «Мемлекеттік корпорацияның» деген сөздермен, «Халыққа қызмет көрсету орталығымен» деген сөздер «Мемлекеттік корпорация» деген сөздермен, «мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімі» деген сөздер «мемлекеттік экологиялық сараптама және рұқсат беру бөлімі» деген сөздермен өзгертілсін;
1, 2, 3-қосымшалар осы қаулының 1, 2, 3 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С. Ж.Нақпаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы
«26» сәуіріндегі №83 қаулысына
1-қосымша
«II, III және IV санаттағы объектілерге
мемлекеттік экологиялық сараптама
қорытындысын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы
5 Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы
«26» сәуіріндегі №83 қаулысына
2-қосымша
«ІІ, ІІІ және ІV санаттағы объектілерге
мемлекеттік экологиялық сараптама
қорытындысын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2 - қосымша
«ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
6 Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың №2 диаграммасы
Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы
«26» сәуіріндегі №83 қаулысына
3-қосымша
«II, III және IV санаттағы объектілерге
мемлекеттік экологиялық сараптама
қорытындысын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс- қимылдың №1 диаграммасы
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың №2 диаграммасы