Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 14 июня 2016 года № 11-1-2/263 «Об утверждении Правил учета граждан Республики Казахстан, постоянно и временно проживающих за пределами Республики Казахстан»

Бұйрық · № 11-1-4/610 · қабылданған 21.11.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2016-no-11-1-2263-ekb-136304/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 14 июня 2016 года № 11-1-2/263 «Об утверждении Правил учета граждан Республики Казахстан, постоянно и временно проживающих за пределами Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/610 ·21.11.2019
21.11.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 14 июня 2016 года № 11-1-2/263 «Об утверждении Правил учета граждан Республики Казахстан, постоянно и временно проживающих за пределами Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/610 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 14 июня 2016 года № 11-1-2/263 «Об утверждении Правил учета граждан Республики Казахстан, постоянно и временно проживающих за пределами Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/263 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11-1-4/610
Қабылданған күні
21.11.2019
Көрсетілген редакция
21.11.2019 136304_429487.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019644
ЭКБ идентификаторы
136304
Редакция идентификаторы
136304_429487
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:45

0 «Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/263 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14093 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою Қазақстан Республикасы азаматының немесе оның заңды өкілінің шетелдегі мекемеге еркін нысанда берген жеке өтініші негізінде немесе пошталық байланыс арналары бойынша құжаттарды жіберу арқылы қашықтықтан немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда жүзеге асырылады»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген және шетелдегі мекемеде есептен шықпаған Қазақстан Республикасының азаматын есептен шығаруды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті қағаз түрінде немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда жүзеге асырады».

2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:

1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқық департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
К. Мәсімов______________
2019 жылғы «___»________

Қолданыстағы