Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 14 июня 2016 года № 11-1-2/263 «Об утверждении Правил учета граждан Республики Казахстан, постоянно и временно проживающих за пределами Республики Казахстан»

Бұйрық · № 11-1-4/226 · қабылданған 23.05.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2016-no-11-1-2263-ekb-168080/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 14 июня 2016 года № 11-1-2/263 «Об утверждении Правил учета граждан Республики Казахстан, постоянно и временно проживающих за пределами Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/226 ·23.05.2022
23.05.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 14 июня 2016 года № 11-1-2/263 «Об утверждении Правил учета граждан Республики Казахстан, постоянно и временно проживающих за пределами Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/226 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 14 июня 2016 года № 11-1-2/263 «Об утверждении Правил учета граждан Республики Казахстан, постоянно и временно проживающих за пределами Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/263 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11-1-4/226
Қабылданған күні
23.05.2022
Көрсетілген редакция
23.05.2022 168080_575838.kaz
Соңғы өзгеріс
23.05.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028173
ЭКБ идентификаторы
168080
Редакция идентификаторы
168080_575838
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:47

0 «Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/263 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14093 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою және есептен шығару тәртібін белгілейді, сондай-ақ Қағидалар «Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою» және «Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.»;
4- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюдың мақсаты:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;
2) болу елiнiң заңнамасы, Қазақстан Республикасы мен болу мемлекетi қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық ғұрыптар ұсынған барлық құқықтарды Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына жан-жақты көмек көрсету»;
7- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы немесе оның заңды өкілі шетелдегі мекемеге келесі құжаттарды ұсынады:
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
2) «Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім (салыстыру үшін);
3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке алудың толтырылған карточкасы (бұдан әрі – есепке алу карточкасы);
Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою үшін:
4) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке алудың толтырылған карточкасы (бұдан әрі – карточка).
Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын құжаттардың, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсаттың көшірмелерін жасайды, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарып береді.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою үшін, өтініш «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы берілуі мүмкін.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі «Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою» мемлекеттік қызмет стандартында осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес баяндалған.
«Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайда, Қазақстан Республикасының консулдық лауазымды тұлғасы өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы тиісті қолхат береді.
Басқа мемлекетке уақытша тұру үшін кететін Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің персоналы, Қазақстан Республикасына бекітіп берілген квоталарға сәйкес халықаралық ұйымдар жанындағы лауазымдарға тағайындалған, шетелде уақытша еңбек қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, бітімгершілік парызын орындаушы әскери қызметшілер, сондай-ақ, ұйымдар мен жеке адамдардың шақыруы бойынша оқуда, емделуде, туристік және жеке сапарда, шет елдерде қызметтік іссапарда жүрген адамдар жатады.
Көрсетілетін қызметті алушы шет елдердегі мекемелерге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші арқылы екі жұмыс күнін, портал арқылы өтініш берілсе бір жұмыс күнін құрайды.»;
15- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Көрсетілетін қызметті алушы есептен шығу үшін көрсетілетін қызметті берушіге келесі құжаттарды береді:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
3) тұрақты есепке қою туралы мөртабаны бар Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша бет (болған жағдайда).
Қазақстан Республикасының консулдық лауазымды тұлғасы құжаттарды қабылдаған кезде жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жасайды, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарып береді.»;
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі «Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару» мемлекеттік қызмет стандартында осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес баяндалған.
Осы Қағидалардың 13-тармағының 2), 3), 4) және 5)-трамақшаларында айтылған жағдайлар пайда болған кезде, шетелдегі мекеме көрсетілетін қызметті алушыны осы Қағидалардың 15-тармағының бірінші жартысында қарастырылған құжаттарды ұсынусыз есептен шығарады.
19- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Көрсетілетін қызметті алушы шет елдердегі мекемеге жүгінген уақытта, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келіп түскен құжаттарды бір жұмыс күні ішінде қарастырып, келесі бір жұмыс күні ішінде есепке алу карточкасына/карточкаға белгі қою арқылы көрсетілетін қызметті алушыны есептен шығарып, есепке алу карточкасына/карточкада есептік деректерді түзейді және «Бүркіт» БАЖ-ға қосымша мәліметті енгізеді. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығаруды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының консулдық лауазымды тұлғасы Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша бетке есептен шығарылғаны туралы жазба енгізеді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.»;
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу қағидаларына 1 және 2-қосымша осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу қағидаларына 3-қосымшада:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тү­рі
элек­трон­ды (іші­на­ра ато­мат­тан­ды­ры­л­ған) / қа­ғаз тү­рін­де
»;
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек Ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 09:00-ден 18:30-ға дей­ін.
Құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші са­ғат 09:30-дан 12:30-ға дей­ін, ал мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру­ді са­ғат 16:00-ден 17:00-ге дей­ін жү­зе­ге асы­ра­ды. Сәр­сен­бі – қа­был­да­май­тын күн.
Кли­ма­ты ыстық және ылғал­ды шет мем­ле­кет­тер­де көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі жер­гі­лік­ті жағ­дай­лар­ға қа­ты­сты бел­гі­ле­не­ді.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел қыз­мет көр­се­ту­сіз, ке­зек кү­ту тәр­ті­бі­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сы ар­қы­лы ке­зек­ті брон­да­у­ға бо­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры: Сырт­қы іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
2) пор­тал­дың – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Ко­дек­с­ке сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
»;
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­де тұ­рақ­ты тұ­ра­тын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­рын есеп­ке қою үшін
1) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат (тұл­ға­ны сәй­кестен­ді­ру үшін);
2) «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ше­гі­нен тыс тұ­рақ­ты тұр­ғы­лық­ты жер­ге ке­ту­ге ар­нал­ған құ­жат­тар­ды ре­сім­деу қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2012 жы­л­ғы 28 на­уры­зда­ғы № 361 қа­улы­сы­на сәй­кес ре­сім­дел­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­де тұ­рақ­ты тұ­ру­ға шы­ғу рұқ­сат (са­лы­сты­ру үшін);
3) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­де тұ­рақ­ты және уа­қыт­ша тұ­ра­тын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның есе­бін жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­ры­на (бұ­дан әрі – Қа­ғи­да­лар) 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша тол­ты­ры­л­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­де тұ­рақ­ты тұ­ра­тын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­рын есеп­ке алу кар­точ­ка­сы;
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­де уа­қыт­ша тұ­ра­тын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­рын есеп­ке қою үшін:
1) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат (тұл­ға­ны сәй­кестен­ді­ру үшін);
2) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­де уа­қыт­ша тұ­ра­тын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша тол­ты­ры­л­ған есеп­тік кар­точ­ка­сы.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы элек­трон­дық ны­сан­да жү­гін­ген кез­де www.​gov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы өті­ніш бе­ре­ді.
»;
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу қағидаларына 7-қосымша:
осы бұйрыққа 7-қосымшада:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тү­рі
элек­трон­ды (іші­на­ра ато­мат­тан­ды­ры­л­ған) / қа­ғаз тү­рін­де
»;
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек Ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 09:00-ден 18:30-ға дей­ін.
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру са­ғат 09:00-ден 17:30-ға дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­нан тыс жер­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің құ­жат­тар­ды қа­был­дау са­ға­ты 09.30-дан 12.30-ға дей­ін, ал мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру са­ға­ты 16.00-ден 17.00-ге дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Сәр­сен­бі қа­был­да­май­тын күн.
Кли­ма­ты ыстық және ылғал­ды шет мем­ле­кет­тер­де көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі жер­гі­лік­ті жағ­дай­лар­ға қа­ты­сты бел­гі­ле­не­ді.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел қыз­мет көр­се­ту­сіз, ке­зек кү­ту тәр­ті­бі­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сы ар­қы­лы ке­зек­ті брон­да­у­ға бо­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры: Сырт­қы іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​mfa.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
2) пор­тал­дың – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Ко­дек­с­ке сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
».
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) ер­кін ны­сан­да­ғы өті­ніш;
2) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат (тұл­ға­ны сәй­кестен­ді­ру үшін);
3) есеп­ке қою ту­ра­лы мөр­та­ба­ны бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­ма­ты­ның пас­пор­ты­на қо­сым­ша бет (болған жағ­дай­да).
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы элек­трон­дық ны­сан­да жү­гін­ген кез­де www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы өті­ніш бе­рі­ле­ді.
».

2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Цифрландыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 _______________________________________________________________ (есепке қабылдаған Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауы)

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2022 жылғы 23 мамырдағы
№ 11-1-4/226 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасынан
тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою қағидаларына
1-қосымша
нысан
_______________________________________________________________
(есепке қабылдаған Қазақстан Республикасының шет елдегі
мекемесінің атауы)
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу карточкасы

1 1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ________________________________

2 2. Туған күні __________________________________________________________

3 3. Болу еліне келудің мақсаты және күні _____________________________________________________________________

4 4. Болу елі визасының немесе басқа рұқсат құжатының мерзімі (көшірмесін қоса беру) _____________________________________________________________________

5 5. Болу еліндегі мекенжайы, телефон номері, электрондық поштасы _____________________________________________________________________

6 6. Болу еліндегі жұмыс, оқу, тағлымдамадан өту орны және тағы басқалар

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

7 7. Форс-мажорлық жағдай орын алған кезде жақын туыстарыңыздың немесе достарыңыздың байланыс мәліметтері

_____________________________________________________________________
Бірге тұратын кәмелетке толмаған балалар (болған жағдайда):

1 1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

_____________________________________________________________________

2 2. Туған күні __________________________________________________________

3 3. Болу еліне келудің мақсаты және күні _____________________________________________________________________

4 4. Болу елі визасының немесе басқа рұқсат құжатының мерзімі (көшірмесін қоса беру) _____________________________________________________________________

Қолы ________________________ 20___ жылғы «___» ___________________

2 _______________________________________________________________ (есепке қабылдаған Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауы) Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу карточкасы

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2022 жылғы 23 мамырдағы
№ 11-1-4/226 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасынан
тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою қағидаларына
2-қосымша
нысан
_______________________________________________________________
(есепке қабылдаған Қазақстан Республикасының шет елдегі
мекемесінің атауы)
Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу карточкасы

1 1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ________________________________

2 2. Туған күні __________________________________________________________

3 3. Болу еліне келудің мақсаты және күні __________________________________

4 4. Болу еліндегі уақытша болу мерзімі _____________________________________________________________________

5 5. Болу елі визасының немесе басқа рұқсат құжатының мерзімі (көшірмесін қоса беру) _____________________________________________________________________

6 6. Болу еліндегі мекенжайы, телефон номері, электрондық поштасы _____________________________________________________________________

7 7. Болу еліндегі жұмыс, оқу, тағлымдамадан өту орны және тағы басқалар _____________________________________________________________________

8 8. Форс-мажорлық жағдай орын алған кезде жақын туыстарыңыздың немесе достарыңыздың байланыс мәліметтері

_____________________________________________________________________
Бірге тұратын кәмелетке толмаған балалар (болған жағдайда):

1 1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________________________

_____________________________________________________________________

2 2. Туған күні __________________________________________________________

3 3. Болу еліне келудің мақсаты және күні _____________________________________________________________________

4 4. Болу еліндегі уақытша болу мерзімі ____________________________________

Қолданыстағы