О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 января 2016 года № 13 «О некоторых вопросах реализации государственной поддержки инвестиций»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 января 2016 года № 13 «О некоторых вопросах реализации государственной поддержки инвестиций»
- Атауы (қаз.)
- «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 81
- Қабылданған күні
- 24.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 24.02.2020 139775_445659.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000081
- ЭКБ идентификаторы
- 139775
- Редакция идентификаторы
- 139775_445659
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:55
0 «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбiр
мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы
14 қаңтардағы № 13 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2016 ж., № 3-4, 14-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске
асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
«Инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесі» деген бөлімде:
мына:
«
Бөлім
Бөлімнің атауы
Топ
Топтың атауы
Сынып
Сыныптың атауы
»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
07****
Металл кендерін өндіру
07.1
Темір кенін өндіру
07.10.3
Темір кенін байыту және агломерациялау
»;
мына:
«
19
Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру
19.2
Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру
19.20
Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
19
Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру
19.1
Кокс пештері өнімдерін өндіру
19.10
Кокс пештері өнімдерін өндіру
19.2
Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру
19.20
Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру
»;
мына:
«
30
Өзге де көлік құралдарын өндіру
30.2
Теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрамды өндіру
30.20
Теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрамды өндіру
»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
35
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау
35.1
Электр энергиясын өндіру, беру және бөлу
35.11
Жылу және ядролық (атом) электр станцияларының электр энергиясын өндіруін қоспағанда, басқа электр энергиясының өндірісі
»;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
* 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ақ қант (СЭҚ ТН коды 170199) кедендік әкелу бажынан босатылмайды;
** 2019 жылғы қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда орналасқан;
*** 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдың жол маңындағы жолағында орналасқан;
**** тек темір кені концентратының және (немесе) шекемтастар өндірісіне қатысты.».