Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 января 2016 года № 13 «О некоторых вопросах реализации государственной поддержки инвестиций»

Қаулы · № 4 · қабылданған 12.01.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2016-no-13-ekb-152059/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 января 2016 года № 13 «О некоторых вопросах реализации государственной поддержки инвестиций» Қолданыста Қаулы ·№ 4 ·12.01.2021
12.01.2021 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 января 2016 года № 13 «О некоторых вопросах реализации государственной поддержки инвестиций»

Қолданыста Қаулы ·№ 4 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 января 2016 года № 13 «О некоторых вопросах реализации государственной поддержки инвестиций»
Атауы (қаз.)
«Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4
Қабылданған күні
12.01.2021
Көрсетілген редакция
12.01.2021 152059_505200.kaz
Соңғы өзгеріс
12.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000004
ЭКБ идентификаторы
152059
Редакция идентификаторы
152059_505200
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:52

0 «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 3-4, 14-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 282, 286, 294 және 295-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшартта:
1-тармақтың 9) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақтың 2) тармақшасының он бірінші абзацы алып тасталсын;
21-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы алып тасталсын;
25-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;
5-қосымша алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
«3-бөлім. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инвестициялық субсидия берілетін инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
3-бө­лім. 2015 жы­л­ғы 29 қа­зан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кә­сіп­кер­лік ко­дек­сі­нің 295-2-ба­бы­на сәй­кес жа­са­ла­тын ин­ве­сти­ци­я­лар ту­ра­лы ке­лі­сім­дер шең­бе­рін­де ин­ве­сти­ци­я­лық ба­сым жо­ба­лар­ды іс­ке асы­ру үшін ай­қын­дал­ған қыз­мет­тің ба­сым түр­ле­рі­нің тіз­бе­сі
01
Өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғы және мал ша­ру­а­шы­лы­ғы, аң­шы­лық және осы са­ла­лар­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді ұсы­ну
01.4
Мал ша­ру­а­шы­лы­ғы
01.41
Сүт ба­ғы­тын­да­ғы ірі қа­ра мал өсі­ру
01.42
Бас­қа да ірі қа­ра мал және ене­ке­лер өсі­ру
10*
Та­мақ өнім­де­рі­нің өн­ді­рі­сі
10.1
Ет­ті өң­деу және кон­сер­ві­леу мен ет өнім­де­рі­нің өн­ді­рі­сі
10.11
Ет­ті өң­деу және кон­сер­ві­леу
28
Бас­қа са­нат­тар­ға ен­гі­зіл­ме­ген ма­ши­на­лар мен жаб­дық­тар өн­ді­рі­сі
28.3
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мен ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы тех­ни­ка­сы­ның өн­ді­рі­сі
28.30
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мен ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы тех­ни­ка­сы­ның өн­ді­рі­сі
21.2
Фар­ма­цев­ти­ка­лық пре­па­рат­тар мен ме­ди­ци­на­лық ма­те­ри­ал­дар өн­ді­рі­сі
21.20
Фар­ма­цев­ти­ка­лық пре­па­рат­тар мен ме­ди­ци­на­лық ма­те­ри­ал­дар өн­ді­рі­сі
21.20.2
Ве­те­ри­на­ри­я­ға ар­нал­ған дә­рі­лік пре­па­рат­тар өн­ді­рі­сі
».

2

2. Осы қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы