Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 января 2016 года № 13 «О некоторых вопросах реализации государственной поддержки инвестиций»

Қаулы · № 30 · қабылданған 23.01.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2016-no-13-ekb-178223/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 января 2016 года № 13 «О некоторых вопросах реализации государственной поддержки инвестиций» Қолданыста Қаулы ·№ 30 ·23.01.2023
23.01.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 января 2016 года № 13 «О некоторых вопросах реализации государственной поддержки инвестиций»

Қолданыста Қаулы ·№ 30 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 января 2016 года № 13 «О некоторых вопросах реализации государственной поддержки инвестиций»
Атауы (қаз.)
«Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
30
Қабылданған күні
23.01.2023
Көрсетілген редакция
23.01.2023 178223_619757.kaz
Соңғы өзгеріс
23.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300000030
ЭКБ идентификаторы
178223
Редакция идентификаторы
178223_619757
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:34

0 «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы

14 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгерістер мен толықтыру
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
«1-бөлім. Инвестициялық жобаларды, (соның ішінде инвестициялық басым жобаларды), арнайы инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесі» деген бөлімде:
мына:
«
55
Тұруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер
55.1
Қонақүйлердің қызметтерін ұсыну
55.10
Қонақүйлердің қызметтерін ұсыну
55.3
Кемпингте алаңдар, рекреациялық автопарктер және трейлерлік парктерде тұру үшін көрсетілетін қызметтер
55.30
Кемпингте алаңдар, рекреациялық автопарктер және трейлерлік парктерде тұру үшін қызметтер
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
55
Уақытша тұру жөнінде қызметтер көрсету
55.1
Қонақүйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызметтер көрсетуі
55.10
Қонақүйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызметтер көрсетуі
55.3
Кемпингтердің, тұрақтардың тұруға арналған автофургондар мен автотіркемелерге қызметтер көрсетуі
55.30
Кемпингтердің, тұрақтардың тұруға арналған автофургондар мен автотіркемелерге қызметтер көрсетуі
55.9******
Тұруға арналған өзге де орындардың қызметтер көрсетуі
55.90
Тұруға арналған өзге де орындардың қызметтер көрсетуі
»;
мына:
«
68
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар
68.2
Жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару
68.20
Көрме залдарын, қоймалық үй-жайларды және жерді қоса алғанда, тұруға арналмаған ғимараттарды қоспағанда, жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару
»
деген жол алып тасталсын;
мына:
«
86
Денсаулық сақтау саласындағы қызмет
86.1
Аурухана ұйымдарының қызметі
86.10
Аурухана ұйымдарының қызметі
»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
91*******
Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызмет
91.0
Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызмет
91.02
Музейлердің қызметі
»;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
* 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ақ қант (СЭҚТН коды 170199) кедендік әкелу бажынан босатылмайды;
** 2019 жылғы қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда орналасқан;
*** 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың жол маңындағы жолағында орналасқан;
**** темір кені концентраты және (немесе) шекемтастар өндірісіне ғана қатысты;
***** тас көмірді байытуға ғана қатысты;
****** студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған жатақханалар салу бойынша мемлекеттік заттай грант түрінде инвестициялық преференция алуға ғана қатысты;
******* мемлекеттік заттай грант түрінде инвестициялық преференция алуға ғана қатысты.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы