О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 января 2016 года № 13 «О некоторых вопросах реализации государственной поддержки инвестиций»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 января 2016 года № 13 «О некоторых вопросах реализации государственной поддержки инвестиций»
- Атауы (қаз.)
- «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 158
- Қабылданған күні
- 23.02.2023
- Көрсетілген редакция
- 23.02.2023 178827_621472.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000158
- ЭКБ идентификаторы
- 178827
- Редакция идентификаторы
- 178827_621472
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:19
0 «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 282, 286 және 294-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшартта:
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Инвестордың құқықтары мен мүдделерi толық және сөзсiз қорғалады, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен қамтамасыз етiледi.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
«3-бөлім. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 295-2-бабына сәйкес жасалатын инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесі» деген бөлім алып тасталсын.