О внесении изменений в решение Аксуского городского маслихата от 14 апреля 2016 года № 14/2 «Об утверждении дополнительного порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в городе Аксу»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Аксуского городского маслихата от 14 апреля 2016 года № 14/2 «Об утверждении дополнительного порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в городе Аксу»
- Атауы (қаз.)
- Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі «Ақсу қаласында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзудің қосымша тәртібін бекіту туралы» № 14/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 394/57
- Қабылданған күні
- 24.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 24.09.2020 139872_484000.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20PB006734
- ЭКБ идентификаторы
- 139872
- Редакция идентификаторы
- 139872_484000
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:56
0 Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі
«Ақсу қаласында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер,
пикеттер және демонстрациялар өткiзудің қосымша тәртібін
бекіту туралы» № 14/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі «Ақсу қаласында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзудің қосымша тәртібін бекіту туралы» № 14/2 шешіміне
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5125 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 9-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«9. Ақсу қаласының аумағында митингілер, жиналыстар мен пикеттер өткізетін орын болып Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорттық-сауықтыру кешені алдындағы алаң белгіленсін.»;
көрсетілген шешімнің 10-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«10. Ақсу қаласының аумағында шерулер мен демонстрацияларды өткізу үшін Абай көшесі бойымен Абай-Калинин көшелері қиылысынан Абай-Иртышская көшелері қиылысына дейінгі бағыт белгіленсін.»;
шешімнің орыс тілі нұсқасының 17-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.