О внесении изменении в постановление Индерского районного акимата от 14 ноября 2016 года № 245 «Об установлении квоты для трудоустройства граждан Индерского района из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменении в постановление Индерского районного акимата от 14 ноября 2016 года № 245 «Об установлении квоты для трудоустройства граждан Индерского района из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования»
- Атауы (қаз.)
- Индер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 245 «Индер ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 278
- Қабылданған күні
- 16.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2024 116611_691084.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17TF004001
- ЭКБ идентификаторы
- 116611
- Редакция идентификаторы
- 116611_691084
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:15
0 Индер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 245 «Индер ауданында
кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған
немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім
беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды
жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу
туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 - баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 - бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Индер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы №245 «Индер ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3710 болып тіркелген, 2017 жылы 5 қаңтардағы «Дендер» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) қаулының тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Индер аудандық ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтардың жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгілеу туралы»;
2 2) мемлекеттік тілдегі мәтінде қаулының 1-тармағы келесі редакцияда мазмұнндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Ұйымдардағы қызметкерлердің тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде Индер аудандық ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтардың жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгіленсін».