О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 июня 2016 года № 306 «Об утверждении Положения о Комитете государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 июня 2016 года № 306 «Об утверждении Положения о Комитете государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1210
- Қабылданған күні
- 29.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.11.2022 174762_605957.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22E0001210
- ЭКБ идентификаторы
- 174762
- Редакция идентификаторы
- 174762_605957
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:37
0 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережеде:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) орталық атқару органының құзыреті шегінде реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын салаларда жүзеге асырады:»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комитеттің орналасқан жері: пошта индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 369-1) тармақшамен толықтырылсын:
«369-1) өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды талдау және анықтау;»;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі деген 1-бөлімде:
223, 224, 225, 226, 227 және 228-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«223. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
224. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.
225. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Астана – жаңа қала» мемлекеттік кірістер басқармасы.
226. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.
227. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.
228. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Жанәлінов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;