О внесении изменений в постановление акимата Аральского района от 14 марта 2016 года № 54-қ «Об определении организации для хранения вещественных доказательств, подвергающихся быстрой порче»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Аральского района от 14 марта 2016 года № 54-қ «Об определении организации для хранения вещественных доказательств, подвергающихся быстрой порче»
- Атауы (қаз.)
- «Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйымды айқындау туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 54-қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 408-қ
- Қабылданған күні
- 11.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 11.10.2018 125655_365929.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18LC006489
- ЭКБ идентификаторы
- 125655
- Редакция идентификаторы
- 125655_365929
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:55
0 «Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйымды айқындау туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 54-қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйымды айқындау туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 54-қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5477 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 сәуірінде «Толқын» газетінде және 2016 жылғы 26 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі кодексінің 221-бабының төртінші бөлігіне сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қылмыстық істер бойынша тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйым болып «Арал аудандық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Арал аудандық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны айқындалсын.».
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Арал аудандық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.».