О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 14 декабря 2016 года № 595 «Об утверждении Нормативов численности работников банно-прачечных комбинатов, обеспечивающих техническое обслуживание и функционирование воинских частей и учреждений Министерства обороны Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 14 декабря 2016 года № 595 «Об утверждении Нормативов численности работников банно-прачечных комбинатов, обеспечивающих техническое обслуживание и функционирование воинских частей и учреждений Министерства обороны Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін монша-кір жуу комбинаттары жұмыскерлері санының нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 82
- Қабылданған күні
- 15.02.2021
- Көрсетілген редакция
- 15.02.2021 152960_510151.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022235
- ЭКБ идентификаторы
- 152960
- Редакция идентификаторы
- 152960_510151
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:32
0 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін монша-кір жуу комбинаттары жұмыскерлері санының нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің 2016 жылғы
14 желтоқсандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін монша-кір жуу комбинаттары жұмыскерлері санының нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 595 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14722 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін монша-кір жуу комбинаттары жұмыскерлері санының нормативтерінде:
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастыру еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына, өнеркәсіп санитариясы мен гигиенасы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Жұмысты орындаушылар арасында бөлу кезінде жұмыскерлердің қажетті дағдыларды меңгеруіне және тапсырмаларды орындауын жеделдетуге ықпал ете отырып, олардың біліктілігі мен тәжірибесін ескеру қажет.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. МКК жұмыскерлері еңбек және демалыс режимін, белгіленген күн тәртібін және жұмыскерлердің тұрақты жұмыс істеу қабілеті жоғары болатын күннің бірінші жартысында анағұрлым еңбек сыйымдылығын орындаумен барлық міндетті жұмыстарды регламенттеуді сақтайды.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
________________________________
20___ жылғы «___» _______________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
________________________________
20___жылғы «___» _______________