Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в решение районного маслихата от 14 июня 2017 года № 110 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Темирском районе»

Өзге акт · № 227 · қабылданған 05.06.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 08.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2017-no-110-ekb-122971/on/2026-09-08/
Басып шығарылды 2026-09-08 · adilet.kz
О внесении дополнений в решение районного маслихата от 14 июня 2017 года № 110 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Темирском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 227 ·05.06.2018
11.03.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
08.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в решение районного маслихата от 14 июня 2017 года № 110 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Темирском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 227 · 08.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в решение районного маслихата от 14 июня 2017 года № 110 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Темирском районе»
Атауы (қаз.)
Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 14 маусымдағы № 110 «Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
227
Қабылданған күні
05.06.2018
Көрсетілген редакция
11.03.2024 122971_688842.kaz
Соңғы өзгеріс
11.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18CJ000200
ЭКБ идентификаторы
122971
Редакция идентификаторы
122971_688842
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:12

0 Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 14 маусымдағы № 110 «Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 237 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Темір аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 110 «Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5599 тіркелген, 2017 жылы 25 шілдеде «Темір» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымша мынадай мазмұндағы 3–1 және 3–2 тармақтарымен толықтырылсын:
«3–1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкімет» веб–порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
3–2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.».

2 2. «Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Темір аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы шешімді Темір аудандық маслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы