О внесении изменений в решение Темирского районного маслихата от 14 июня 2017 года № 110 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Темирском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Темирского районного маслихата от 14 июня 2017 года № 110 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Темирском районе»
- Атауы (қаз.)
- Темір аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 110 «Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 400
- Қабылданған күні
- 03.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 11.03.2024 136720_688844.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CJ006518
- ЭКБ идентификаторы
- 136720
- Редакция идентификаторы
- 136720_688844
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:33
0 Темір аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 110 «Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Темір аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 110 «Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5599 тіркелген, 2017 жылы 25 шілдеде «Темір» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібінде:
1 тармакта:
1) тармақша мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1) тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;»;
3 және 4 тармақтар мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
4. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб–порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.».