О внесении изменений в решение Темирского районного маслихата от 14 июня 2017 года № 110 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Темирском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Темирского районного маслихата от 14 июня 2017 года № 110 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Темирском районе»
- Атауы (қаз.)
- Темір аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 110 «Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13
- Қабылданған күні
- 24.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 11.03.2024 180710_688838.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23CJ008331
- ЭКБ идентификаторы
- 180710
- Редакция идентификаторы
- 180710_688838
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:38
0 Темір аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы
№ 110 «Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін
және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Темір аудандық мәслихатының «Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2017 жылғы 14 маусымдағы № 110 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5599 болып тіркелген) шешiмiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1–тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді орган белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді.»;
3–тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;
10–тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi (бұдан әрі – тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган) белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.».