О внесении изменения и дополнения в решение Кызылординского областного маслихата от 14 июля 2017 года № 134 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Кызылординской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в решение Кызылординского областного маслихата от 14 июля 2017 года № 134 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Кызылординской области»
- Атауы (қаз.)
- «Қызылорда облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 14 шілдедегі № 134 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 326
- Қабылданған күні
- 18.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2024 132916_691877.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19L0006833
- ЭКБ идентификаторы
- 132916
- Редакция идентификаторы
- 132916_691877
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:29
0 «Қызылорда облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 14 шілдедегі № 134 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысымен бекітілген облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Қызылорда облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 14 шілдедегі № 134 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5942 нөмірімен тіркелген, 2017 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасның нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген, Қызылорда облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларында:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандардың немесе оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны».