О внесении изменения и дополнения в решение областного маслихата от 14 августа 2017 года № 194 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Актюбинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в решение областного маслихата от 14 августа 2017 года № 194 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Актюбинской области»
- Атауы (қаз.)
- Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 14 тамыздағы № 194 «Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 386
- Қабылданған күні
- 01.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 01.03.2019 129422_391798.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19C0005978
- ЭКБ идентификаторы
- 129422
- Редакция идентификаторы
- 129422_391798
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:57
0 Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 14 тамыздағы № 194 «Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысымен бекітілген, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 14 тамыздағы № 194 «Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5632 тіркелген, 2017 жылғы 28 тамызда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларында:
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандардың немесе оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.».