Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение областного маслихата от 14 августа 2017 года № 194 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Актюбинской области»

Ереже · № 55 · қабылданған 11.08.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2017-no-194-ekb-157831/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение областного маслихата от 14 августа 2017 года № 194 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Актюбинской области» Қолданыста Ереже ·№ 55 ·11.08.2021
11.08.2021 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение областного маслихата от 14 августа 2017 года № 194 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Актюбинской области»

Қолданыста Ереже ·№ 55 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение областного маслихата от 14 августа 2017 года № 194 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Актюбинской области»
Атауы (қаз.)
Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 14 тамыздағы № 194 «Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
55
Қабылданған күні
11.08.2021
Көрсетілген редакция
11.08.2021 157831_534598.kaz
Соңғы өзгеріс
11.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21C000055M
ЭКБ идентификаторы
157831
Редакция идентификаторы
157831_534598
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:12

0 Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 14 тамыздағы № 194 «Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ШЕШТІ:

1 1. Облыстық мәслихаттың «Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 14 тамыздағы № 194 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5632 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларының:
3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.»;
5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өңірдегі көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:
өңірдің тиісті аумағын қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызуға (жатқызбауға);
шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);
қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.
6. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе, жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы да жүзеге асырылады.».

2 2. Осы мәслихаттың шешімін оны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін.

3 3. Осы мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы