О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 14 ноября 2017 года № 304 «О субсидировании развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 14 ноября 2017 года № 304 «О субсидировании развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства»
- Атауы (қаз.)
- Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 304 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16
- Қабылданған күні
- 23.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 15.01.2019 119322_386593.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18T0004070
- ЭКБ идентификаторы
- 119322
- Редакция идентификаторы
- 119322_386593
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:41
0 Атырау облысы әкімдігінің
2017 жылғы 14 қарашадағы №304
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын
дамытуды, мал шаруашылығының
өнімділігін және өнім сапасын арттыруды
субсидиялау туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №30 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14813 болып тіркелген) бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қарашадағы №304 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3989 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) 3-қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
2 2) 4-қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бағыттары бойынша субсидиялау көлемдері мен нормативтері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.И. Нәутиевке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Атырау облысы әкімдігінің
2018 жылғы «23» ақпандағы
№16 қаулысына 1-қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері
№
Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге
Субсидия көлемі
Субсидия сомасы, мың теңге
Етті мал шаруашылығы
1
Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу
1.1.
Тауарлы аналық бас
1)
Базалық норматив
бас
10000
13980
139800,0
2)
Қосымша норматив
80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
бас
8000
1500
12000,0
60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
бас
6000
1500
9000,0
1.2.
Асыл тұқымды аналық бас
1)
Базалық норматив
бас
10 000
550
5500,0
Қосымша норматив
2)
80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
бас
20000
160
3200,0
70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
бас
15000
245
3675,0
2.
Асыл тұқымды ірі қара малдарын сатып алу*
бас
150 000
530
79500,0
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1.1.
Асыл тұқымды аналық бас
1)
Базалық норматив
бас
10 000
1100
11000,0
2)
Қосымша норматив
70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
бас
20 000
400
8000,0
60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
бас
15 000
420
6300,0
Қой шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1)
асыл тұқымды қойлардың аналық басы
бас
2 500
35 500
88750,0
2)
тауарлы қойлардың аналық басы
бас
1 500
14 500
21750,0
2.
Асыл тұқымды қойлар сатып алу *
1)
тұқымдық қошқарлар
бас
20000
500
10000,0
2)
тұсақтар
бас
8000
1000
8000,0
Жылқы шаруашылығы
1
Асыл тұқымды айғырлар сатып алу *
бас
100 000
20
2000,0
2
Асыл тұқымды аналық бас сатып алу *
бас
40 000
50
2000,0
Түйе шаруашылығы
1
Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу *
бас
100 000
10
1000,0
2
Асыл тұқымды аналық бас сатып алу *
бас
40 000
25
1000,0
Жиынтығы:
412475,0
Ескертпе:
* асыл тұқымды жануарларды сатып алу бекітілген нормативке дейін, бірақ оны сатып алу құнының 50%-ынан аспайтын мөлшерде субсидияланады.
7 Атырау облысы әкімдігінің
2018 жылғы «23» ақпандағы
№16 қаулысына 2-қосымша
Мал шаруашылығы өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері
№
Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге
Субсидия көлемі
Субсидия сомасы, мың теңге
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
1.
Сүт өндірудің құнын арзандату **
1)
жемдік мал басы 400 бастан басталатын шаруашылықтар
килограмм
37
24532430
90 770,0
2)
жемдік мал басы 50 бастан басалатын шаруашылықтар
килограмм
15
250000
3 750,0
3)
ауыл шаруашылығы кооперативтері
килограмм
10
50000
500,0
Қой шаруашылығы
1.
Қозы етін өндіру құнын арзандату**
бас
1 500
2000
3 000,0
Жылқы шаруашылығы
1)
Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін
килограмм
101
250000
25250,0
2)
Жылқы етін өндіру құнын арзандату
килограмм
222
30000
6660,0
Түйе шаруашылығы
1)
Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеуқұнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін
килограмм
111
260000
28860,0
2)
Түйе етін өндіру құнын арзандату
килограмм
204
10000
2040,0
Ешкі шаруашылығы
1)
Ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеуқұнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін
килограмм
91
120000
10920,0
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
1. Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату *****
1)
50 млн. данадан басталатын нақты өндіріс
дана
2,2
29194090
64 227,0
2)
бөдене жұмыртқаларын өндіру құнын арзандату
дана
2,5
1000000
2500,0
Мал шаруашылығы
1.
Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату
бас
20 000
300
6000,0
Жиынтығы:
244477,0
Ескертпе:
***** ауыл шаруашылығы өнімнің нақты өндірісі өткен жылдың 24-сх нысаны бойынша өткен жылдың статистикалық деректерімен айқындалады;
** осы Қағидаларға 5-тармаққа сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің келісімі бойынша белгіленген нормативтен жергілікті бюджеттен және/немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан бөлінген кезде қосымша бюджеттік қаражат бөлінгенде субсидиялау нормативін ұлғайту 50% -ға дейін рұқсат етіледі.