О внесении изменения в постановление акимата Есильского района Северо-Казахстанской области от 14 декабря 2017 года № 315 «О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Есильского района Северо-Казахстанской области от 14 декабря 2017 года № 315 «О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 315 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 178
- Қабылданған күні
- 02.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 05.06.2026 133721_838138.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.06.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19SF005523
- ЭКБ идентификаторы
- 133721
- Редакция идентификаторы
- 133721_838138
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 18.09.2026 03:57
0 Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 315 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 05.06.2026 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 - бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3 - бабының 2 - тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 315 (2017 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4438 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу Тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің Тәртібі
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «02» тамыздағы
№ 178 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 315 қаулысымен
бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында қоғамдық тәртіпті
қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің
Тәртібі
Осы Тәртіп қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу рәсімін айқындайды.
1. Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.
2. Қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті Есіл ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-СҚО ПД Есіл ауданының ПБ) Комиссияның қарауына енгізеді.