Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 июня 2017 года № 345 «Об утверждении Правил метеорологического обеспечения гражданской авиации»

Бұйрық · № 538 · қабылданған 13.10.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2017-no-345-ekb-159531/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 июня 2017 года № 345 «Об утверждении Правил метеорологического обеспечения гражданской авиации» Қолданыста Бұйрық ·№ 538 ·13.10.2021
13.10.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 июня 2017 года № 345 «Об утверждении Правил метеорологического обеспечения гражданской авиации»

Қолданыста Бұйрық ·№ 538 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 июня 2017 года № 345 «Об утверждении Правил метеорологического обеспечения гражданской авиации»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
538
Қабылданған күні
13.10.2021
Көрсетілген редакция
13.10.2021 159531_541452.kaz
Соңғы өзгеріс
13.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100024781
ЭКБ идентификаторы
159531
Редакция идентификаторы
159531_541452
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:22

0 «Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15358 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларында:
76-тармақ алып тасталсын;
187-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«187. Жергілікті тұрақты және арнайы ақпарларға, METAR немесе SPECI ақпарларына қосымша ретінде тікұшақтардың ұшуын қамтамасыз ету мақсатында ашық теңізде құрылыстарда орнатылған авиациялық метеорологиялық станцияларынан теңіз бетінің температурасы және жағдайы туралы ақпараттар енгізіледі.»;
204-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«204. Арнайы бақылау мынадай жағдайларда әуе кемелерінің борттарынан жүргізіледі:
1) орташа және қатты турбуленттік;
2) орташа және қатты мұздану;
3) қатты тау толқыны;
4) жасырын, бүркелген ақ жауынды немесе дауыл желісі бойынша бұршақсыз найзағай;
5) жасырын, бүркелген ақ жауынды немесе дауыл желісі бойынша бұршақты найзағай;
6) қатты шаңды немесе қатты құмды дауыл;
7) жанартау күлінің бұлты;
8) ҰҚЖ-дағы тежеудің нақты тиімділігі бұрын хабарланғаннан ақпардан нашар болған кезде.»;
1-қосымшада:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Ауа райы мәліметтеріне енгізілетін қосымша бақылаулар мен ақпараттар:
1) борт ауа райының деректері;
2) шеңбер және 100 метр биіктігінде жел сипаттамаларын анықтау.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Авиациялық оқиғаларды немесе инциденттерді тексеру кезінде метеорологиялық материалдармен қамтамасыз ету:
1) тексеру үшін метеорологиялық құжаттарды ұсыну;
2) авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру жөнінде метеорологиялық құжаттардың сақталуы.
Әуеайлақта ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету нұсқаулығына қосымшалар тізбесі:
1-қосымша. Әуеайлақта метеорологиялық ақпаратты тарату тәртібі.
2-қосымша. ҰҚЖ табалдырығы мен осі қашықтығын көрсетілген әуеайлақта метеорологиялық жабдықты орналастыру сызбасы.
3-қосымша. Әуеайлақта метеорологиялық жабдықты орнату орны мен құрамының кестесі.
4-қосымша. Көрінудің табиғи бағдарларының (күндізгі және қажет болғанда түнгі) және қалқандардың – бағдарлардың (бар болса) сызбасы.
5-қосымша. ӘҚҚ қызмет көрсету ауданының сызбасы.
6-қосымша. ЖДП қызмет көрсету ауданының сызбасы.
7-қосымша.ҰҚЖ-дағы көріну қашықтығы есебінің кестесі (бар болса).
Өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу парағы.
Ескертпе: Ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету нұсқаулығына осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес, нақты ӘМО/МБО-ға АНҚБ жүктеген функцияларды орындауға байланысты басқа да рәсімдер енгізілуі мүмкін.»;

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2021 жылғы 4 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Қолданыстағы