Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 июня 2017 года № 345 «Об утверждении правил метеорологического обеспечения гражданской авиации»

Бұйрық · № 380 · қабылданған 19.11.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2017-no-345/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 июня 2017 года № 345 «Об утверждении правил метеорологического обеспечения гражданской авиации» Қолданыста Бұйрық ·№ 380 ·19.11.2024
19.11.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 июня 2017 года № 345 «Об утверждении правил метеорологического обеспечения гражданской авиации»

Қолданыста Бұйрық ·№ 380 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 июня 2017 года № 345 «Об утверждении правил метеорологического обеспечения гражданской авиации»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
380
Қабылданған күні
19.11.2024
Көрсетілген редакция
19.11.2024 202984_729266.kaz
Соңғы өзгеріс
19.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035386
ЭКБ идентификаторы
202984
Редакция идентификаторы
202984_729266
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 08:36

0 «Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15358 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 35-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 3-қосымшасында және Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (бұдан әрі – ДМҰ) Техникалық регламентінде айтылған Халықаралық азаматтық авиацияның (бұдан әрі – ИКАО) метеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы халықаралық стандарттары мен ұсынылатын практикасы негізінде әзірленді.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігін бағалауды жүзеге асыру жөнінде ДМҰ талаптарын іске асыру үшін АНҚБ өздері әзірлеген және бекіткен құзыреттілікті аттестатауды бағалау әдістемесі негізінде авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігін аттестатауды (тексеруді) бағалайды.
Осы әдістеме метеорологиялық өкілетті органмен келісіледі.
Уәкілетті метеорологиялық органның құзыреттілігін бағалау жөніндегі сарапшы(лар) ПАНО авиациялық метеорологиялық персоналының құзыреттілігін бағалауды жүргізуге қадағалау тәртібімен іріктеп қатысады. Сарапшының(лардың) құзыреттілікті бағалауға қатысу рәсімі авиация персоналының құзыреттілігін бағалауды жүргізу әдістемесінде сипатталады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. АНҚК пайдаланушыларға ұсынылатын метеорологиялық ақпараттың сапасын жалпы басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті қағидаларды, процестерді және ресурстарды қамтитын тиісті түрде ұйымдастырылған сапа жүйесін әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз етеді.
Процестер аэронавигациялық (метеорологиялық) қызмет көрсетумен байланысты және тиісті қызметтерді іске асырумен байланысты белгілі бір алгоритмдерді орындаудың жалпы реттілігін қамтитын негізгі процестердің кірістері мен шығуларын қамтитын авиациялық метеорологиялық персоналдың жұмыс технологиясын сипаттайды.»;
мынадай мазмұндағы 54-1-тармақпен толықтырылсын:
«54-1. Техникалық қызмет көрсетуді ӘМО-ның білікті инженерлік-техникалық персоналы немесе метеорологиялық жабдыққа және/немесе бағдарламалық қамтамасыз етуге техникалық қызмет көрсетуге немесе техникалық қолдауға шарттар жасалған метеорологиялық жабдықты дайындаушы немесе бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші зауытынан жазбаша расталған өкілеттіктері бар оқытылған мамандары бар ұйымдар орындайды. Бөгде ұйымның жұмыстарды орындау нәтижелерін ӘМО-ның жұмысының басшысы метеорологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету журналына енгізеді.»;
275-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) II тарау, кіші биіктіктерде ұшулар үшін талап ететін қосымша ақпаратты қамтиды.
GAMET нысанында жасалатын аймақтық болжамда элементтердің мәні және тәртібі осы Қағидалардың 7-қосымшасы бойынша GAMET мәліметтеріне қатысты талаптарға келтірілген үлгіге сәйкес болуы тиіс. ІІ тараудағы қосымша элементтер пайдаланушының сұрауы бойынша қосылады. SIGMET хабарламасына енген элементтер GAMET аймақтық болжамдарға енгізілмейді.»;
5-тараудың 9-параграфы алып тасталсын;
6-тараудың 6-параграфы алып тасталсын;
418-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«418. Авиациялық жұмыстарды орындау кезінде оперативтік орындардан табылған әуе кемесін пайдаланушылар осы Қағидалардың 268-278-тармақтарына сәйкес белгіленген аудандар бойынша әуеайлақтық метеорологиялық ұйымдармен берілген ауа райының болжамдарымен қамтамасыз етеді.»;
9-қосымша алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы