Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Акжаикского района от 14 февраля 2017 года № 50 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Государственного учреждения «Аппарат акима Акжаикского района» и районных исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета»

Қаулы · № 156 · қабылданған 29.05.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2017-no-50/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Акжаикского района от 14 февраля 2017 года № 50 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Государственного учреждения «Аппарат акима Акжаикского района» и районных исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета» Күшін жойған Қаулы ·№ 156 ·29.05.2017
28.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Акжаикского района от 14 февраля 2017 года № 50 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Государственного учреждения «Аппарат акима Акжаикского района» и районных исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета»

Күшін жойған Қаулы ·№ 156 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Акжаикского района от 14 февраля 2017 года № 50 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Государственного учреждения «Аппарат акима Акжаикского района» и районных исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета»
Атауы (қаз.)
Ақжайық ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 50 «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
156
Қабылданған күні
29.05.2017
Көрсетілген редакция
28.03.2018 113224_326039.kaz
Соңғы өзгеріс
28.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17Z0004848
ЭКБ идентификаторы
113224
Редакция идентификаторы
113224_326039
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:59

0 Ақжайық ауданы әкімдігінің

2017 жылғы 14 ақпандағы № 50
«Ақжайық ауданы әкімі аппараты»
мемлекеттік мекемесінің және
жергілікті бюджеттен қаржыланатын
аудандық атқарушы органдардың
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің жұмысын
бағалау әдістемесін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 110 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы
31 желтоқсанда № 14637 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ақжайық ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 50

«Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4705 тіркелген, 2017 жылғы 9 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесінде:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. «Б» корпусының қызметшісі лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы «Б» корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Персоналды басқару қызметі «Б» корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 27-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:
«қанағаттанарлықсыз» мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл,
«қанағаттанарлық» мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл,
«тиімді» мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,
«өте жақсы» мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Бағалау жөніндегі комиссия тоқсандық және жылдық бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Бағалау жөніндегі комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен бағаны түзетеді.»
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Осы Әдістеменің 34-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Бағалау жөніндегі комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.».

2 2. «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі осы

қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысы С.М.Бакмановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы