Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2017 года № 66 «Об утверждении Положения об особом статусе организаций высшего и (или) послевузовского образования»

Қаулы · № 749 · қабылданған 15.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2017-no-66/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2017 года № 66 «Об утверждении Положения об особом статусе организаций высшего и (или) послевузовского образования» Қолданыста Қаулы ·№ 749 ·15.09.2025
15.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2017 года № 66 «Об утверждении Положения об особом статусе организаций высшего и (или) послевузовского образования»

Қолданыста Қаулы ·№ 749 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2017 года № 66 «Об утверждении Положения об особом статусе организаций высшего и (или) послевузовского образования»
Атауы (қаз.)
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
749
Қабылданған күні
15.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
28.09.2025
Көрсетілген редакция
15.09.2025 214197_782511.kaz
Соңғы өзгеріс
15.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2500000749
ЭКБ идентификаторы
214197
Редакция идентификаторы
214197_782511
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:18

0 «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы
№ 66 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ерекше мәртебе – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының тұлғаны тәрбиелеуге, оқытуға және оның кәсіптік қалыптасуына аса зор үлес қосқаны, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің орнықты жоғары деңгейін қамтамасыз еткені үшін Қазақстан Республикасының Президенті беретін мәртебесі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабында айқындалған қызмет түрлерін жүзеге асырады және құзыреттерге ие болады.
Бұл ретте ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұнын мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандарттарының талаптарынан төмен болмайтындай етіп өз бетінше айқындай алады, сондай-ақ ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес философия докторы (PhD) және бейін бойынша доктор дәрежесін бере алады;»;
6-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ғылыми-педагогикалық әлеуетті, оқу-материалдық базаны және инновациялық білім беру технологияларын тиімді пайдаланудың негізінде әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тұрақты жоғары деңгейіне кепілдік береді;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде жоғары білімнің, ғылымның, техника мен технологиялардың дамуына жүйелі түрде мониторинг жүргізеді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне енгізу үшін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді.»;
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Арттыру коэффициенті заңнамада айқындалатын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясын қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының және басшы жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақылары лауазымдық айлықақылардың белгіленген мөлшерлеріне 1,2 арттыру коэффициенті есепке алынып айқындалады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасының Қорғаныс ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамының және басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары лауазымдық айлықақының белгіленген мөлшерлеріне 1,5 арттыру коэффициенті қолданылып айқындалады.»

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы