Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 14 апреля 2017 года № 89 «Об утверждении нормативов субсидий по направлениям субсидирования»

Қаулы · № 348 · қабылданған 07.12.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2017-no-89/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 14 апреля 2017 года № 89 «Об утверждении нормативов субсидий по направлениям субсидирования» Күшін жойған Қаулы ·№ 348 ·07.12.2017
14.05.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 14 апреля 2017 года № 89 «Об утверждении нормативов субсидий по направлениям субсидирования»

Күшін жойған Қаулы ·№ 348 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 14 апреля 2017 года № 89 «Об утверждении нормативов субсидий по направлениям субсидирования»
Атауы (қаз.)
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 89 «Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
348
Қабылданған күні
07.12.2017
Көрсетілген редакция
14.05.2018 117225_323326.kaz
Соңғы өзгеріс
14.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17U0004295
ЭКБ идентификаторы
117225
Редакция идентификаторы
117225_323326
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:58

0 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2017 жылғы 14 сәуірдегі № 89
«Субсидиялау бағыттары бойынша
субсидиялар нормативтерін бекіту
туралы» қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15360 болып тіркелген, «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №30 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 14 шілдедегі №295 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі №89 «Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4055 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 сәуірде «Оңтүстік Қазақстан» газетінде және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 28 сәуірде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының атауы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін, өлшемшарттары мен талаптарын бекіту туралы»;
1-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жылқы етін, түйе етін, сүт (бие, түйе) өндіру, ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес»;
мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:

1-1 «1-1. Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар өлшемшарттары мен талаптары: асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға; мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;

көрсетілген қаулының «Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері: асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға; мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру» деген қосымшасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар өлшемшарттары мен талаптары: асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға; мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру» деген 2-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. «Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Оңтүстік Қазақстан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

4 4) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А.Сатыбалдыға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Д.А.Сатыбалды
Б.С.Жамалов
Ұ.Сәдібеков
А.С.Сәбитов
А.Е.Тұрғымбеков
Е.Ә.Садыр
Т.К.Сәрсембаев

10 Оңтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің 2017 жылғы
07 желтоқсандағы
№348 қаулысына
1- қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
14 сәуірдегі № 89 қаулысына
1- қосымша
Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері: асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға; мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру

Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидия нормативтері, теңге
Мал шаруашылығы
1
Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
3844
Қой шаруашылығы
2
Жеке қосалқы шаруашылықтарда, ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
1392
Балара шаруашылығы
3
Балара ұясымен селекциялық және асыл
тұқымдық жұмыс жүргізу
балара ұясы
4110
Жылқы шаруашылығы
4
Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін
килограмм
110
5
Жылқы етін өндіру құнын арзандату
килограмм
120
Түйе шаруашылығы
6
Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін
килограмм
92
7
Түйе етін өндіру құнын арзандату
килограмм
109
Азық өндіру
8
Ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына арналған шығындар құнын арзандату
бас
228 000

11 Оңтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің 2017 жылғы
07 желтоқсандағы
№348 қаулысына
2- қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
14 сәуірдегі № 89 қаулысына
2- қосымша
Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар өлшемшарттары мен талаптары: асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға; мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру
Р/с №
Субсидиялау бағыттары
Өлшемдер мен талаптар
1.
Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
1. Дистрибьютерлік орталық мәртебесінің
болуы.
2. Дистрибьютерлік орталықтың
лабораториясының болуы, ұрық сақтайтың
дьюар ыдысының болуы.
3. Асыл тұқымды бұқаның ұрығын
тарататын арнайы тасмалдау көлігінің болуы.
4. Қажетті көлемде азот шығаратын
зауыттармен келісім-шарттың болуы.
5. Асыл тұқымды куәліктің болуы.
2.
Жеке қосалқы шаруашылықтарда, ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
1. Дистрибьютерлік орталық мәртебесінің
болуы.
2. Лабораториясының болуы.
3. Асыл тұқымды қошқарларды
тасмалдайтын арнайы тасмалдау көлігінің
болуы.
4. Асыл тұқымды куәліктің болуы.
3.
Бал ара ұясымен селекциялық және асыл
тұқымдық жұмыс жүргізу
1. Асыл тұқымды мәртебенің болуы.
2. Шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе
араның бал ұясының бары туралы 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді.
3. Лабораторияны пайдалану жөніндегі
келісім-шарт.
4.
Ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына шығындар құнын арзандату
1. Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға меншігіндегі
сиыр мен қашарлардың (2 жастан ересек) аналығы 400 бастан, орташа жылдық сауын сиыр 350 бастан, бір сиырдан орташа сауылым 5000-9000 килограмнан кем емес.
2. Малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы
және мал басын ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру және ақпараттық талдамалық жүйе базасында тіркеу.
3. Ветеринариялық, ветеринариялық
санитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру және зоотехикалық есепті жүргізу.
4. Тиісті инфрақұрылымы,
механикаландырылған сауу, көң шығару және азық тарату, автосуар мүмкіндігі мен азық цехі бар сүт кешенінің болуы.

Қолданыстағы