О внесении изменений в решение маслихата от 14 марта 2018 года № 179 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Наурзумского районного маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 14 марта 2018 года № 179 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Наурзумского районного маслихата»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2018 жылғы 14 наурыздағы № 179 «Науырзым аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 107
- Қабылданған күні
- 18.02.2022
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2022 164647_560807.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22NP00107M
- ЭКБ идентификаторы
- 164647
- Редакция идентификаторы
- 164647_560807
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:25
0 Мәслихаттың 2018 жылғы 14 наурыздағы № 179 «Науырзым аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Мәслихаттың «Мәслихаттың 2018 жылғы 14 наурыздағы № 179 «Науырзым аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 19 наурыздағы № 179 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7633 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Науырзым аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42-тармақ алынып тасталсын.