Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 февраля 2018 года № 180 «Об утверждении Правил подтверждения наличия оснований для предоставления отсрочки или рассрочки уплаты ввозных таможенных пошлин и форм решений о предоставлении отсрочки или рассрочки уплаты ввозных таможенных пошлин и об отказе в их предоставлении»

Бұйрық · № 933 · қабылданған 29.09.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2018-no-180-ekb-146852/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 февраля 2018 года № 180 «Об утверждении Правил подтверждения наличия оснований для предоставления отсрочки или рассрочки уплаты ввозных таможенных пошлин и форм решений о предоставлении отсрочки или рассрочки уплаты ввозных таможенных пошлин и об отказе в их предоставлении» Қолданыста Бұйрық ·№ 933 ·29.09.2020
29.09.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 февраля 2018 года № 180 «Об утверждении Правил подтверждения наличия оснований для предоставления отсрочки или рассрочки уплаты ввозных таможенных пошлин и форм решений о предоставлении отсрочки или рассрочки уплаты ввозных таможенных пошлин и об отказе в их предоставлении»

Қолданыста Бұйрық ·№ 933 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 февраля 2018 года № 180 «Об утверждении Правил подтверждения наличия оснований для предоставления отсрочки или рассрочки уплаты ввозных таможенных пошлин и форм решений о предоставлении отсрочки или рассрочки уплаты ввозных таможенных пошлин и об отказе в их предоставлении»
Атауы (қаз.)
«Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелердің растау қағидаларын және кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімнің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 180 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
933
Қабылданған күні
29.09.2020
Көрсетілген редакция
29.09.2020 146852_484522.kaz
Соңғы өзгеріс
29.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021313
ЭКБ идентификаторы
146852
Редакция идентификаторы
146852_484522
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:34

0

«Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелердің растау қағидаларын және кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімнің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы №180 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1.«Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелердің растау қағидаларын және кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімнің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16603 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 26 наурызда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 92-бабы 4 және 6-тармақтарына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) және тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 29 қыркүйегі
№ 933
Бұйрыққа қосымша
ҚазақстанРеспубликасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 14 ақпандағы
№ 180 бұйрығына
1-қосымша
Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 92-бабы 4 және 6-тармақтарына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Кедендік әкелу баждарын төлеуін мерзімдерін өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі

3

3. Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Кедендік әкелу баждарын төлеуін мерзімдерін өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) жазылған.
Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Заңда өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі – портал) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды адамның электронды цифрлық қол қоюымен расталған электрондық құжат нысанында алады.
Оларда қамтылған ақпараттар мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алынған жағдайда құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

4 4. Құжаттарды қарау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мерзімі олар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды.

Көрсетілетін қызметті алушы келу тәртібімен Мемлекеттік корпорацияға қағаз жеткізгіште толық құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда:

1 1) 15 (он бес) минут ішінде – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға ұсынған құжаттарды қабылдайды, тексереді және тіркейді және оларды қабылдағаны туралы қолхат береді;

2 2) 1 (бір) жұмыс күні ішінде – Мемлекеттік корпорацияның курьерлік қызметі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды береді;

Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ құжаттардың қолданыс мерзімі өтіп кеткен жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
4 (төрт) сағат ішінде – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері курьерлік қызмет ұсынған құжаттарды қабылдайды, ЭҚАБЖ-да тіркейді және құжаттар топтамасын қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның міндетін атқарушыға береді, ол көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидаларға 5-тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде өтініште көрсетілген мәліметтердің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың Кодексте және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру туралы не осы Қағидаларға 1-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беруден бас тарту туралы шешім мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның міндетін атқарушыға жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның міндетін атқарушы қол қояды және Мемлекеттік корпорацияға курьерлік қызмет арқылы жіберіледі.
1 (бір) жұмыс күні ішінде – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алады.

5

5. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында белгіленеді.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметшілерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

8 8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
салықтардың және бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысының атына;
мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Бұл ретте, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация басшысының атына, немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25 бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

9 9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес Заңның 4-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

1.1 Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидаларына

1-қосымша
«Ке­ден­дік баж­дар­ды тө­леу мер­зі­мін өзгер­ту» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ко­ми­те­ті­нің об­лы­стар, Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган­да­ры
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді ұсы­ну жол­да­ры
Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» Ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ғам (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зім­де­рі
Құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап – 5 (бес) жұ­мыс күн
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Қа­ғаз тү­рін­де
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Ке­ден­дік әке­лу баж­да­рын тө­ле­уді кей­ін­ге қал­ды­ру неме­се бө­ліп тө­ле­уді ту­ра­лы ше­шім неме­се ке­ден­дік әке­лу баж­да­рын тө­ле­уді кей­ін­ге қал­ды­ру неме­се бө­ліп тө­ле­у­ге бас тар­ту ту­ра­лы ше­шім
6
Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті алушы­дан мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту ке­зін­де өн­ді­ріп алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны жи­нау тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет те­гін ұсы­ны­ла­ды
7
Жұ­мыс кесте­сі
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жек­сен­бі­ні, ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, түс­кі үзі­ліс­сіз, дүй­сен­бі­ден сен­бі­ге дей­ін, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 9.00-ден са­ғат 20.00-ге дей­ін.
Қа­был­дау көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның тір­ке­лу ор­ны бой­ын­ша же­дел қыз­мет көр­се­ту­сіз элек­трон­дық ке­зек тәр­ті­бін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, элек­трон­дық ке­зек­ті пор­тал ар­қы­лы бронь­да­у­ға бо­ла­ды.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар ті­зі­мі
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция:
1) осы Ке­ден­дік әке­лу баж­да­рын тө­ле­уді кей­ін­ге қал­ды­ру­ды неме­се бө­ліп тө­ле­уді ұсы­ну үшін негіз­де­ме­ле­рін рас­тау қа­ғи­да­ла­ры­на 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
2) өті­ніш­ке ке­ден­дік әке­лу баж­да­рын тө­ле­уді кей­ін­ге қал­ды­ру­ды неме­се бө­ліп тө­ле­уді ұсы­ну және Ко­дек­стің 92-ба­бы 2-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген негіз­де­ме­ле­рін рас­тау үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі қо­са бе­рі­ле­ді:
тө­ле­у­ші­ге дү­лей зі­л­за­ла, тех­но­ло­ги­я­лық апат неме­се ең­се­ріл­мей­тін кү­ш­тің өзге­де мән-жай­ла­ры нәти­же­сін­де за­лал кел­ті­рі­л­ген кез­де:
Та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың ал­дын алу және олар­ды жою, ха­лық­қа щұ­ғыл ме­ди­ци­на­лық және пси­хо­ло­ги­я­лық кө­мек көр­се­ту, өрт қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның және оның аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі­нің және (неме­се) ин­ду­стрия және ин­ду­стри­я­лық-ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет са­ла­ла­рын­да өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік және оның аумақ­тық бө­лім­ші­ле­рі бө­лі­гін­де­гі аза­мат­тық қор­ғау са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі­нің тө­тен­ше жағ­дай­лар ту­ра­лы жа­з­ба­ша рас­та­уы;
шарт (ке­лі­сім­шарт) және ком­мер­ци­я­лық құ­жат­тар;
ке­ден­дік әке­лу баж­да­рын тө­ле­у­ші­ге мем­ле­кет­тік бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ру неме­се осы тұл­ға орын­да­ған мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс­қа ақы тө­леу кі­дір­ті­л­ген кез­де;
мем­ле­кет­тік бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ру неме­се осы тұл­ға орын­да­ған мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс­қа ақы тө­ле­уді кі­дір­ту ту­ра­лы мем­ле­кет­тік бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың ти­іс­ті әкім­ші­сі­нің жа­з­ба­ша рас­та­уы;
шарт (ке­лі­сім­шарт) және ком­мер­ци­я­лық құ­жат­тар;
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ха­лы­қа­ра­лық шар­тта­ры шең­бе­рін­де та­у­ар­лар­ды жет­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де;
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ти­іс­ті ха­лы­қа­ра­лық шар­тта­ры­ның рас­тал­ған кө­шір­ме­ле­рі;
шарт (ке­лі­сім­шарт) және ком­мер­ци­я­лық құ­жат­тар;
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа мү­ше мем­ле­кет­тер­дің ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың ке­ден­дік ау­ма­ғы­на, кө­шет неме­се се­бу ма­те­ри­ал­да­рын, өсім­дік­тер­ді қор­ғау құ­рал­да­рын, ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы тех­ни­ка­сын, асыл тұқым­ды мал ша­ру­а­шы­лы­ғы объ­ек­ті­ле­рін (асыл тұқым­ды ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын, құ­стар­ды, ба­лық­тар­ды және асыл тұқым­ды мал ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның бас­қа объ­ек­ті­ле­рін), асыл тұқым­ды өнім­ді (ма­те­ри­ал­ды), жа­ну­ар­лар­ды азық­тан­ды­ру үшін пай­да­ла­ны­ла­тын өнім­дер­ді әке­лу не олар­ды көр­се­ті­л­ген ұй­ым­дар үшін жет­кі­зу ке­зін­де;
ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы анық­та­ма­ның неме­се ку­ә­лі­гі­нің кө­шір­ме­сі, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды;
шарт (ке­лі­сім­шарт) және ком­мер­ци­я­лық құ­жат­тар.
Ко­дек­стің 92-ба­бы 3-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген негіз­де­ме­лер­ді рас­тау үшін өті­ніш­ке ке­ден­дік әке­лу баж­да­рын тө­ле­уді кей­ін­ге қал­ды­ру­ды неме­се бө­ліп тө­ле­уді ұсы­ну үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі қо­са бе­рі­ле­ді:
өнер­к­ә­сіп­тік қай­та өң­де­уде пай­да­ла­ну үшін та­у­ар­лар­ды, оның ішін­де ши­кі­затты, ма­те­ри­ал­дар­ды, тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­ты, олар­дың құ­ра­уы­шта­рын мен оның қо­сал­қы бөл­шек­те­рін әке­лу ке­зін­де:
ши­кі­заттың, ма­те­ри­ал­дар­дың, тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың, олар­ды өнер­к­ә­сіп­тік қай­та өң­де­уде пай­да­ла­ну үшін құ­ра­уы­штар мен оның қо­сал­қы бөл­шек­те­рін, сон­дай-ақ ком­мер­ци­я­лық құ­жат­та­рын жет­кі­зу ту­ра­лы шарт (ке­лі­сім­шарт);
әке­лі­не­тін та­у­ар­лар­ды ши­кі­зат, ма­те­ри­ал­дар, тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық, құ­ра­уы­штар және оның қо­сал­қы бөл­шек­те­рі ре­т­ін­де пай­да­ла­на оты­рып өн­ді­ру­дің тех­но­ло­ги­я­лық схе­ма­сы (өн­ді­рі­стің фраг­мен­ті).
3) ке­ден­дік әке­лу баж­да­рын бө­ліп тө­ле­уді ұсы­нуы ке­зін­де тол­ты­ры­ла­ды ке­ден­дік әке­лу баж­да­рын бө­ліп тө­леу ке­зе­ңі­нің кесте­сі.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­ның 8-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар ұсы­ныл­ма­ған, неме­се мер­зі­мі өтіп кет­кен құ­жат­тар көр­се­ті­л­ген;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ке­ден­дік баж­дар, ке­ден­дік алым­дар, са­лық­тар, ар­найы, дем­пинг­ке қар­сы, өтем баж­да­ры, өсім­пұл­дар, пай­ы­здар бой­ын­ша бе­ре­ше­гі­нің бо­луы;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты банк­рот­тық рә­сім қоз­ға­луы неме­се құқық бұ­зу­шы­лық бел­гі­ле­рі бой­ын­ша қыл­мыстық іс қоз­ға­луы.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
1) Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің - www.​kgd.​gov.​kz, www.​minfin.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
2) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі және мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
3) Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры: 1414, 8-800-080-7777.

1.2 Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидаларына

2-қосымша
нысан
_________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) (бұдан әрі – аты-жөні)
_________________________________
(заңды мекен-жайы)
_________________________________
(нақты мекен-жайы немесе тұрғылықты жері)
_________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі)
_________________________________
(электрондық мекен-жайы, телефон)
_________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 92-бабының 6-тармағына сәйкес (бұдан әрі –Кодекс) кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу туралы шешім қабылдауды сұраймыз.
Шарт (келісімшарт), коммерциялық құжаттар _______________________________________________
_______________________________________________________________________________________
(нөмірі (ол болған кезде ) және күні)

Та­у­ар­дың ата­уы және си­патта­ма­сы
Та­у­ар­дың са­ны (өл­шем бір­лі­гі­нің көр­се­ті­лу­і­мен)
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың Сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы (бұ­дан әрі - ЕА­ЭО СЭҚ ТН)*
Тиісті ұяшықтың бірі Х белгісімен белгіленеді:
кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру ұсыну туралы;
кедендік әкелу баждарын бөліп төлеуді ұсыну туралы.
Кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімдерін өзгерту мына негіздемелер бойынша іске асырылады (тиісті ұяшықтың бірі Х белгісімен белгіленеді):
Кодекстің 92-бабының 1-тармағына сәйкес;
кедендік әкелу баждарын төлеушіге дүлей зілзала, технологиялық апат немесе мән-жайлары салдарынан зиян келтіруі өзге еңсерілмейтін күш;
кедендік әкелу баждарын төлеушіге мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды немесе осы тұлға орындаған мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеуді кідіртуі;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде жеткізулерді жүзеге асыруы;
ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына, көшет немесе егу материалдарын, өсімдіктерді қорғау құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, асыл тұқымды мал шаруашылығы объектілерін (асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын, құстарды, балықтарды және асыл тұқымды мал шаруашылығының басқа объектілерін), асыл тұқымды өнімді (материалды), жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын өнімдерді әкелген не олар көрсетілген ұйымдар үшін берілген кезде;
өнеркәсіптік өңдеуге, оның ішінде шикізатты, материалдарды, технологиялық жабдықты, оның жинақтаушы және қосалқы бөлшектерін пайдалану үшін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу (кедендік әкелу баждары төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеудің пайыздар төлеумен).
Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеудің берілген мерзімі:
___________________________________________________________________________________________
(айдың саны)
Төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді ұсынуда төлеуге жататын кедендік әкелу баждардың
сомасы**___________________________________________________________________________________
(теңгеде)
Бөлім кедендік әкелу баждарын бөліп төлеуді ұсынуы кезінде толтырылады кедендік әкелу баждарын бөліп төлеу кезінде кезеңімен бөліп төлеу кестесі:

ке­ден­дік әке­лу баж­дар­дың со­ма­сы, тең­ге­де
ке­ден­дік әке­лу баж­дар­дың тө­леу мер­зі­мі
1
2

****
Қор­тын­ды***
Өтінішке осы Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін
негіздемелерін растау қағидаларының 1–қосымшасының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар
топтамасын қоса береміз: _____________________________________________________________________
(нөмірі (ол болған кезде ) және күні)
Ескертпе
* Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді Кодекстің 92-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, 92-бабының 3-тармақтарына айқындалған негіздердің болуын қатар толтырылады, бұл ретте ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың классификациясы кедендік декларациялауда дұрыстығы айқындалады.
** Кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді қатысты берілген кедендік әкелу баждарын төлеу сомасы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін, кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру туралы өтініш тіркеген күні қолданыста болатын валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүргізіледі.
*** Кедендік әкелу баждардың қортынды сомасы төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді ұсынуда төлеуге жататын кедендік әкелу баждардың сомасына тең болуы керек.
**** Кедендік әкелу баждарын төлеудің соңғы мерзімі кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеудің берілген мерзімнен аспауы керек.
_________________________ ____________
заңды тұлғаның толық атауы қолы
немесе жеке тұлғаның аты-жөні
(егер ол жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілсе)

1.3 Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидасына

3-қосымша
нысан
__________________________________
(аты-жөні (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)
__________________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің осы Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес «Кедендік баждарды төлеу мерзімін өзгерту» мемлекеттік қызметін көрсету стандартымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын табыс етпеуіңізге, сондай-ақ қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты «Кедендік баждарды төлеу мерзімін өзгерту» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың және қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:
1)________________________________________;
2)________________________________________;
3)….
Осы қолхат әрбір тарапқа 1 (бір-бірден), 2 (екі) данада жасалды.
Аты-жөні (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
(Мемлекеттік корпорациясының қызметкері) (қолы)
Орындаушы: аты-жөні (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) _____________
Телефон __________
Алдым: көрсетілетін қызметті алушының аты-жөні (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе қолы
20__жыл «___»________

Қолданыстағы