Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 февраля 2018 года № 182 «Об утверждении Правил ведения таможенной статистики внешней торговли товарами Республики Казахстан с государствами, не являющимися членами Евразийского экономического союза»

Бұйрық · № 385 · қабылданған 15.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2018-no-182-ekb-141894/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 февраля 2018 года № 182 «Об утверждении Правил ведения таможенной статистики внешней торговли товарами Республики Казахстан с государствами, не являющимися членами Евразийского экономического союза» Қолданыста Бұйрық ·№ 385 ·15.04.2020
15.04.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 февраля 2018 года № 182 «Об утверждении Правил ведения таможенной статистики внешней торговли товарами Республики Казахстан с государствами, не являющимися членами Евразийского экономического союза»

Қолданыста Бұйрық ·№ 385 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 14 февраля 2018 года № 182 «Об утверждении Правил ведения таможенной статистики внешней торговли товарами Республики Казахстан с государствами, не являющимися членами Евразийского экономического союза»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен арадағы тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 182 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
385
Қабылданған күні
15.04.2020
Көрсетілген редакция
15.04.2020 141894_456826.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020425
ЭКБ идентификаторы
141894
Редакция идентификаторы
141894_456826
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:59

0 «Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен арадағы тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2018 жылғы 14 ақпандағы № 182 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен арадағы тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 182 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16460 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 14 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен арадағы тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізу қағидаларында:
4, 5, 6 және 7 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сыртқы сауда статистикасын жариялау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет): kgd.gov.kz ресми интернет-ресурсында жүргізіледі.
5. Сыртқы сауда статистикасын Комитеттің жауапты тұлғасы жариялайды.
6. Тауарлармен сыртқы сауда статистикасын жүргізу үшін ақпарат көздері «Еуразиялық экномикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарларымен өзара сауда статистикасын жүргізу әдістемесін және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарларының сыртқы саудасының кедендік стастистикасын жүргізу әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 210 Евразиялық экономикалық комиссияның шешіміне сәйкес тауарларға арналған декларацияларда және өзге де құжаттарда қамтылған мәліметтер, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының өзге де мәліметтері пайдаланылады.
Осы тармақтың шеңберінде өзге мәліметтер деп өз қызметін орындау барысында аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері түсініледі.
7. Ақпараттық жүйе мынадай:
1) деректерді жүктеу;
2) сыртқы сауда кедендік статистикасының деректерін талдау;
3) Комитеттің: kgd.gov.kz ресми интернет-ресурсында есептерді жариялау кіші жүйелерінен тұрады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Комитет статистикалық ақпаратты беруді Кодекстің 19-бабына сәйкес жүзеге асырады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы