Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 14 декабря 2018 года № 215/НҚ «Об утверждении стандартов государственных услуг в области оборота вооружений, военной техники и отдельных видов оружия»

Бұйрық · № 757 · қабылданған 07.10.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2018-no-215/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 14 декабря 2018 года № 215/НҚ «Об утверждении стандартов государственных услуг в области оборота вооружений, военной техники и отдельных видов оружия» Күшін жойған Бұйрық ·№ 757 ·07.10.2019
20.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 14 декабря 2018 года № 215/НҚ «Об утверждении стандартов государственных услуг в области оборота вооружений, военной техники и отдельных видов оружия»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 757 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 14 декабря 2018 года № 215/НҚ «Об утверждении стандартов государственных услуг в области оборота вооружений, военной техники и отдельных видов оружия»
Атауы (қаз.)
«Қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің айналымы саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 215/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
757
Қабылданған күні
07.10.2019
Көрсетілген редакция
20.05.2020 135172_462446.kaz
Соңғы өзгеріс
20.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019459
ЭКБ идентификаторы
135172
Редакция идентификаторы
135172_462446
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:17

0 «Қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің айналымы саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 215/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің айналымы саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 215/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17968 болып тіркелген, 2018 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.»;
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші:
«Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10195 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық) 1, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке немесе заңды тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-пен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесін;
«Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 53/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18594 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 53/НҚ бұйрық) сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі;»;
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жарамды лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін бұйрыққа 1, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін;
№ 53/НҚ бұйрыққа сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады;»;
көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Босатылатын оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.»;
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін бұйрыққа 1, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесін;
«Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, тазарту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 54/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18605 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 54/НҚ бұйрық) сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады;»;
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жарамды лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін бұйрыққа 1, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін;
№ 54/НҚ бұйрыққа сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады;»;
көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.»;
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін бұйрыққа 1, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесін;
«Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 55/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18623 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 55/НҚ бұйрық) сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады;»;
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жарамды лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін бұйрыққа 1, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін;
№ 55/НҚ бұйрыққа сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады;»;
көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша алынып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қолданыстағы