Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в решение Павлодарского областного маслихата от 14 июня 2018 года № 236/22 «О дополнительном лекарственном обеспечении»

Өзге акт · № 495/42 · қабылданған 21.08.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2018-no-23622/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в решение Павлодарского областного маслихата от 14 июня 2018 года № 236/22 «О дополнительном лекарственном обеспечении» Күшін жойған Өзге акт ·№ 495/42 ·21.08.2020
22.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в решение Павлодарского областного маслихата от 14 июня 2018 года № 236/22 «О дополнительном лекарственном обеспечении»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 495/42 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в решение Павлодарского областного маслихата от 14 июня 2018 года № 236/22 «О дополнительном лекарственном обеспечении»
Атауы (қаз.)
Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы «Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы» № 236/22 шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
495/42
Қабылданған күні
21.08.2020
Көрсетілген редакция
22.04.2021 146205_522800.kaz
Соңғы өзгеріс
22.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20P0006940
ЭКБ идентификаторы
146205
Редакция идентификаторы
146205_522800
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:09

0 Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы «Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы» № 236/22 шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы «Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы» № 236/22 шешіміне (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5997 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:

1 1) көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

2 2) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22-тармақтарымен толықтырылсын:

«
14
Менингоэнцефалиттен кейінгі салдары,
екінші реттік гидроцефалия
«NAN» балалар тағамы қоспа
15
Бұлшықет дистониясы синдромы,
1 дәрежелі гипотрофия
«Nestogen -3» балалар тағамы қоспа
16
Қатты және жұмсақ таңдай жарасы
Пребиотиктар қосылған құрғақ сүт сусыны «Балалар сүті 4» Малютка»
17
Балалар милық салдануы,
менингоэнцефалиттен кейінгі салдары
«Нутрикомп дринк»;
«Nestogen -4» балалар тағамы қоспа
18
Аноксикалық бас мидың зақымдануы
«Nestogen -2» балалар тағамы қоспа
19
Қояншықтық энцефалопатия,
тубероздық склероз,
симптомдық қояншық,
нейроинфекциямен ауырғаннан кейінгі салдары,
балалар милық салдануы,
түйілу тетрапарезі,
Веста синдромы,
полиморфизмді талмасы бар құрылымдық қояншық, құрылымдық қояншық,
микроцефалия
«Вигабатрин (Сабрил)»;
«Этосуксимид (Суксилеп)»;
«Перампанел ( Файкомпа)»;
«Клобазам (Фризиум)»;
«Сультиам»
20
Ишемиялық түрі бойынша ми қан айналымының жіті жеткіліксіздігі
«Клоназепам»
21
GIII бас мидың самайлық үлесінің анопластикалық олигодендроглиомасы
«Ломустин»;
«Прокарбазин (Натулан)»
22
Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы
«Этеплирсен (Экзондис 51)»
».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы