Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 14 сентября 2018 года № 372 «Об утверждении Типового положения о комиссии по формированию сводных заявок на поставку сжиженного нефтяного газа»

Бұйрық · № 330 · қабылданған 06.09.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2018-no-372/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 14 сентября 2018 года № 372 «Об утверждении Типового положения о комиссии по формированию сводных заявок на поставку сжиженного нефтяного газа» Қолданыста Бұйрық ·№ 330 ·06.09.2023
06.09.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 14 сентября 2018 года № 372 «Об утверждении Типового положения о комиссии по формированию сводных заявок на поставку сжиженного нефтяного газа»

Қолданыста Бұйрық ·№ 330 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 14 сентября 2018 года № 372 «Об утверждении Типового положения о комиссии по формированию сводных заявок на поставку сжиженного нефтяного газа»
Атауы (қаз.)
«Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
330
Қабылданған күні
06.09.2023
Көрсетілген редакция
06.09.2023 185936_653148.kaz
Соңғы өзгеріс
06.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033395
ЭКБ идентификаторы
185936
Редакция идентификаторы
185936_653148
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:55

0 «Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17541 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережеде:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже»;
1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 18-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Үлгілік ережеге сәйкес жүзеге асырады.»;
4 және 5-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Комиссияның міндеті тиісті жергілікті атқарушы органға өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің алушылары арасында бөлу бойынша ұсынымдар беру болып табылады.
5. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Заңның 27-1-бабының 5-тармағында көрсетілген тұлғалар ұсынған сұйытылған мұнай газын беруге арналған өтінімдерді және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында сұйытылған мұнай газын болжамды тұтынуды ескере отырып, олардың негізділігі тұрғысынан бөлу жобасын қарайды;
2) Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігіне өнім беру жоспары шеңберінде бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жобасын мақұлдайды не оны өзгерту қажеттігі туралы тиісті жергілікті атқарушы органға хабарлайды.»;
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Комиссияның отырыстарын оның төрағасы қажеттігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырады.»;
17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«17. Комиссия мүшелері:
1) өтініш берушілер ұсынған өтінімдермен танысады;
2) жоспарланған кезеңге арналған бөлу жобасымен танысады;
3) өтiнiмдерге және бөлу жобасына қатысты ұсыныстар енгiзедi;
4) Комиссия отырысында шешілуі тиіс мәселелерді қарайды;
5) Комиссия қызметiнің мәні болып табылатын мәселелер бойынша дауыс беруге қатысады.»;
21-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«21. Комиссия шешіміне мүдделі тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 9-бабына  сәйкес шағым жасай алады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы