Құжат мәтініне өту

О внесении изменении в решение маслихата города Шымкент от 14 декабря 2018 года № 42/338-6с «О дополнительном предоставлении лекарственных средств отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно»

Өзге акт · № 51/423-6с · қабылданған 27.06.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2018-no-42338-6-ekb-133013/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменении в решение маслихата города Шымкент от 14 декабря 2018 года № 42/338-6с «О дополнительном предоставлении лекарственных средств отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно» Күшін жойған Өзге акт ·№ 51/423-6с ·27.06.2019
15.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменении в решение маслихата города Шымкент от 14 декабря 2018 года № 42/338-6с «О дополнительном предоставлении лекарственных средств отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 51/423-6с · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменении в решение маслихата города Шымкент от 14 декабря 2018 года № 42/338-6с «О дополнительном предоставлении лекарственных средств отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно»
Атауы (қаз.)
«Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 42/338-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
51/423-6с
Қабылданған күні
27.06.2019
Көрсетілген редакция
15.12.2020 133013_501878.kaz
Соңғы өзгеріс
15.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19E0000049
ЭКБ идентификаторы
133013
Редакция идентификаторы
133013_501878
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:22

0 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 42/338-6с

шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №42/338-6с шешіміне (бұдан әрі – шешім) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 16 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 қаңтарда «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді қосымша беру туралы»;
шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді қосымша беру тізбесі бекітілсін.»;
шешіммен бекітілген Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді қосымша беру тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Шымкент қаласының мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жіберуді;

4 4) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Шымкент қаласының

мәслихатының 2019 жылғы
27 маусымдағы №51/423-6с
шешіміне қосымша
Шымкент қаласының мәслихатының
2018 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 42/338-6с шешімімен бекітілген
Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді
қосымша беру тізбесі
Р/с

Атауы
Нозология
Азаматтар санаты
1
2
3
4
1. Қосымша дәрілік заттар
1
Ацетилцистеин,
таблеткалар 600 мг
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар
2
Пентоксифиллин,
ұзақ әсерлі таблеткалар 400 мг
3
Будесонид,
ампуладағы ингаляцияға арналған суспензия 0,5мг/мл 2 мл
4
Бозентан,
таблетка 125 мг
Өкпе гипертензиясы
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
5
Силденафил,
таблетка 50 мг
6
Октреотид,
инъекцияға арналған ерітінді 0,1мг/мл
Гиперинсулинизм
Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар
7
Ботулиндік токсин кешені А-гемаглютинин, бұлшықет ішіне және тері астына енгізуге арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат 500ЕД
Сегменттік кранеалды дистонияблефароспазмы
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
8
Руксолитиниб,
таблетка 15 мг
Идиопатиялық
миолофиброз
Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар
9
Урсодезоксихол қышқылы, 250 мг/5 мл
Ағзалар мен тіндерді ауыстырып салғаннан кейінгі жағдай
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
10
Экулизумаб,
инфузияға арналған ерітіндіге арналған концентрат 10мг/30 мл
Паросизмальді түнгі гемоноглобинурия
Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар
11
Тобрамицин,
ампула 300 мг
Муковисцидоз
Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар
12
Урсодезоксихол қышқылы, капсула 250 мг
13
Ацетилцистеин, ішуге арналған ерітінді дайындауға арналған 200 мг ерігіш таблеткасы
14
Колистиметат, ингаляцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 80 мг 1000000ЕД
15
Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/0,8 мл
Ювенильді
идеопатиялық артрит
Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар
16
Тоцилизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат 200 мг /10 мл, 10 мл
17
Тоцилизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат 80 мг/4 мл, 4 мл
18
Агалзидаза бета 35 мгинфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентратты дайындауға арналған лиофилизат
Фабри ауруы
Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар
19
Риоцигуат, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 2,0 мг
Созылмалы тромбоэмболиялық гипертензия
Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар
20
Илопрост, ингаляцияға арналған ерітінді 10 мкг/мл 2мл
Бастапқы өкпе гипертензиясы
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
21
Пенициламин, таблетка 0,25 мг
Жүйелік склеродермия
Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар
22
Алпростадил лиофилизат/ инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат 20 мкг
23
Метотрексат, инъекцияға арналған ерітінді 50 мг / мл, 12,5 мг/0,25 мл еккіш-қаламда
Ювенильді склеродермия
Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар
24
Ведолизумаб, 300 мг инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат дайындауға арналған ұнтақ
Крон ауруы
Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар
25
Устекинумаб, 130 мг инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат
26
Устекинумаб, 90 мг концентрат инфузия дайындауға арналған ерітінді
27
Устекинумаб, 90 мг концентрат инфузия дайындауға арналған ерітінді
Вульгарлы псориаз
Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар
28
Пирфенидон, 267 мг капсулалар
Идиопатиялық өкпе фиброзы
Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар
29
Эверолимус, 0,25 мг таблетка
Ағзалар мен тіндерді ауыстырып салғаннан кейінгі жағдай
Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар
30
Ибрутиниб, 140 мг капсула
Мантия аймағындағы жасушаларының лимфомасы
Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар
31
Стирипентол, 500 мг таблетка
Драве Синдромы
Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар
32
Инфликсимаб, 100 мг лиофилизирленген ұнтақ көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат
Псориатикалық артрит
Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар
33
Осемиртиниб, 80 мг таблетка
Мидағы метастаздармен өкпе аденокарциномасы
Диспансерлік есепте тұрған 18 жастан асқан ересек азаматтар
2. Қосымша бейімделген емдік өнімдер
1
Нутриэн стандарт-диеталық емдік тамақтануға арналған теңдестірілген толық қоспасы
Муковисцидоз
Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар
2
Диеталық емдік тамақтануға арналған тұтас ақуыз негізіндегі қоспа
Крон ауруы
Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар
3
Диеталық емдік тамақтануға арналған сүт сарысуының гидролизденген ақуыз негізіндегі қоспа
Муковисцидоз
Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

Қолданыстағы