Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 14 сентября 2018 года № 464 «Об утверждении Правил размещения государственного заказа на обеспечение студентов местами в общежитиях»

Бұйрық · № 145 · қабылданған 17.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2018-no-464/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 14 сентября 2018 года № 464 «Об утверждении Правил размещения государственного заказа на обеспечение студентов местами в общежитиях» Қолданыста Бұйрық ·№ 145 ·17.06.2024
17.06.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 14 сентября 2018 года № 464 «Об утверждении Правил размещения государственного заказа на обеспечение студентов местами в общежитиях»

Қолданыста Бұйрық ·№ 145 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 14 сентября 2018 года № 464 «Об утверждении Правил размещения государственного заказа на обеспечение студентов местами в общежитиях»
Атауы (қаз.)
«Студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 464 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
145
Қабылданған күні
17.06.2024
Көрсетілген редакция
17.06.2024 197891_706255.kaz
Соңғы өзгеріс
17.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034526
ЭКБ идентификаторы
197891
Редакция идентификаторы
197891_706255
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:01

0 «Студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 464 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 464 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17379 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Оператор жатақханадағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері нақты қамтылған орындардың мониторингін мыналардан:
жатақханада тұратындарды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері санатына жатқызуды растау бөлігінде «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінен;
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда, жатақханада тұратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері туралы, оның ішінде олардың тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы жаңартылған және анық мәліметтерді алу бөлігінде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттерінің тиісті жатақханада тұруы туралы мәліметтерді алу бөлігінде адамдардың тиісті жатақханаға еркін өтуін (кіруін немесе шығуын) шектейтін құрылғымен (құрылғыларымен) интеграцияланған, операторға тиесілі «StudDom» ақпараттық жүйесінен мәліметтер алу жолымен жүзеге асырады. Оператор «StudDom» ақпараттық жүйесінде мұндай мәліметтер болмаған жағдайда жатақханада тұратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне ішінара қоңырау шалуды жүзеге асырады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инфрақұрылымды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы