О внесении изменения в решение Буландынского районного маслихата от 14 мая 2018 года № 6С-23/6 «Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории Буландынского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Буландынского районного маслихата от 14 мая 2018 года № 6С-23/6 «Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории Буландынского района»
- Атауы (қаз.)
- Бұланды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 мамырдағы № 6С-23/6 «Бұланды ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6С-25/2
- Қабылданған күні
- 26.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 21.05.2020 123462_462354.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18BG006719
- ЭКБ идентификаторы
- 123462
- Редакция идентификаторы
- 123462_462354
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:56
0 Бұланды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 мамырдағы № 6С-23/6 «Бұланды ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 546 бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Бұланды аудандық маслихатының «Бұланды ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы» 2018 жылғы 14 мамырдағы № 6С-23/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6630 болып тіркелген, 2018 жылғы 07 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Бұланды ауданының әкімі
Ж. Нұркенов
26 маусым 2018 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Бұланды ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы»
Республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А. Есполов
26 маусым 2018 жыл
3 Бұланды ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
Бұланды аудандық мәслихатының
2018 жылғы 26 маусымдағы
№ 6С-25/2 шешіміне
қосымша
Бұланды аудандық мәслихатының
2018 жылғы 14 мамырдағы
№ 6С-23/6 шешіміне
қосымша
Бұланды ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
Р/с
№
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштерде)
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
12
2
Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
18
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
4
4
Ойын жолы
83
5
Карт
12
6
Бильярд үстелі
3
7
Бұланды ауданында орналасқан уəкілетті ұйымның айырбастау пункті
10