О внесении изменений в решение Жалагашского районного маслихата от 14 мая 2018 года №23-3 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества поселка и сельских округов Жалагашского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Жалагашского районного маслихата от 14 мая 2018 года №23-3 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества поселка и сельских округов Жалагашского района»
- Атауы (қаз.)
- «Жалағаш ауданының кент және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 мамырдағы №23-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6-5
- Қабылданған күні
- 21.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2023 186561_655525.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23LF00065M
- ЭКБ идентификаторы
- 186561
- Редакция идентификаторы
- 186561_655525
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:42
0 «Жалағаш ауданының кент және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 мамырдағы №23-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Жалағаш ауданының кент және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 мамырдағы №23-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6297 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
6-тармақта:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;»;
оныншы абзац алып тасталсын;
он бірінші абзац алып тасталсын.