Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 14 мая 2019 года № 108 «Об утверждении Правил формирования и размещения социальной рекламы на обязательных теле-, радиоканалах»

Бұйрық · № 294 · қабылданған 22.08.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2019-no-108-ekb-134271/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 14 мая 2019 года № 108 «Об утверждении Правил формирования и размещения социальной рекламы на обязательных теле-, радиоканалах» Қолданыста Бұйрық ·№ 294 ·22.08.2019
22.08.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 14 мая 2019 года № 108 «Об утверждении Правил формирования и размещения социальной рекламы на обязательных теле-, радиоканалах»

Қолданыста Бұйрық ·№ 294 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 14 мая 2019 года № 108 «Об утверждении Правил формирования и размещения социальной рекламы на обязательных теле-, радиоканалах»
Атауы (қаз.)
«Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
294
Қабылданған күні
22.08.2019
Көрсетілген редакция
22.08.2019 134271_419086.kaz
Соңғы өзгеріс
22.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019285
ЭКБ идентификаторы
134271
Редакция идентификаторы
134271_419086
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:44

0 «Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру

және орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы
№ 108 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 18680 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 22 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) құқық иеленуші – шарт бойынша немесе «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де негіз бойынша туындыны және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға айрықша құқық алған жеке немесе заңды тұлғалар;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы орналастыру үшін өтініш берушілер уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес міндетті теле -, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы орналастыруға өтінім;
2) басқа жеткізгіштерге беру кезінде оның сапасының өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін сыртқы электрондық жеткізгіштерде, қазақ және орыс тілдеріндегі әлеуметтік жарнаманың ролигі;
3) туындыны және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға айрықша құқығын растайтын құжат;
4) сенімхат негізінде әрекет ететін тұлға өтініш берген жағдайда құқық иеленушінің келісімі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы