О внесении изменений в решение акима города Алтай от 14 октября 2019 года № 3 «Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Gold Mining Corp.» для проведения операций по разведке полезных ископаемых»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима города Алтай от 14 октября 2019 года № 3 «Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Gold Mining Corp.» для проведения операций по разведке полезных ископаемых»
- Атауы (қаз.)
- «Пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларды жүргізу үшін «Gold Mining Corp.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут орнату туралы» Алтай қаласы әкімінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 24.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 24.01.2020 139184_442406.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VLP06709
- ЭКБ идентификаторы
- 139184
- Редакция идентификаторы
- 139184_442406
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:14
0 «Пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларды жүргізу үшін «Gold Mining Corp.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут орнату туралы» Алтай қаласы әкімінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 – бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 – бабына сәйкес Алтай қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін «Gold Mining Corp.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіге қауымдық сервитут орнату туралы» Алтай қаласы әкімінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6201 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 21 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 – тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Алтай қаласында – «Зырян қорғасын комбинаты» АҚ ескі қалдық қойманың аумағында орналасқан (есептiк квартал 05-082-010) 05-082-030-003, 05-082-010-029 – кадастр нөмірлерімен жер учаскелерін енгізе отырып «Gold Mining Corp.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің геологиялық бөлу шекарасы шегінде меншік иелерінен немесе жер пайдаланушылардан жер телімдерін алып қоюсыз 2020 жылдың 18 наурызы мерзіміне дейін ауданы 131 га жер теліміне «Пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларды жүргізу үшін «Gold Mining Corp.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут орнатылсын.»;
көрсетілген шешімнің 3 – тармағы алынып тасталсын.