Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 14 мая 2020 года № 11-1-4/155 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Оформление свидетельства на возвращение»

Бұйрық · № 11-1-4/265 · қабылданған 08.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2020-no-11-1-4155/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 14 мая 2020 года № 11-1-4/155 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Оформление свидетельства на возвращение» Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/265 ·08.05.2025
08.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 14 мая 2020 года № 11-1-4/155 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Оформление свидетельства на возвращение»

Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/265 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 14 мая 2020 года № 11-1-4/155 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Оформление свидетельства на возвращение»
Атауы (қаз.)
«Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 11-1-4/155 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11-1-4/265
Қабылданған күні
08.05.2025
Көрсетілген редакция
08.05.2025 209973_758018.kaz
Соңғы өзгеріс
08.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036096
ЭКБ идентификаторы
209973
Редакция идентификаторы
209973_758018
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:31

0 «Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 11-1-4/155 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 11-1-4/155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20642 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші Ішкі істер министрлігінен хатты алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға «Қайтып оралуға арналған куәлікті және қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары мен оны қорғауға талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 шілдедегі № 11-1-4/407 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33227 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша ресімделген қайтып оралуға арналған куәлікті береді.
Қызмет көрсету мерзімі он жұмыс күнін құрайтын мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негізі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша позициясын білдіруіне мүмкіндік беру үшін өткізілетін тыңдаудың уақыты, күні мен орны туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімді алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде алдын ала шешімге қарсылықты береді немесе білдіреді.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдейді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Цифрландыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

Қолданыстағы